Жол шаруашылығы: тек отандық өнімдер қолданылуда

Сұхбат
23.05.2017, 11:05
Қазақстан теміржолшысы

Темір жол көлігінің негізгі салаларының бірі жол шаруашылығына еліміз тәуелсіздік алғаннан бері 2000 км астам жаңа темір жол тармағы қосылып, жолдың техникалық жағдайын жақсарту, жетілдіру бағытында түрлі бағдарламалар қолданылып келеді.

Жол шаруашылығының бүгінгі тыныс-тірлігі, атқарылып жатқан жұмыстар, орындалып жатқан бағдарламалар жөнінде Жол және құрылыстар департаментінің пайдалану жөніндегі 1 дәрежелі бас менеджері Марат Жүнісов айтып берді. Биылғы көктемгі комиссиялық байқау, жол шаруашылығы бойынша қандай мәселелерге айрықша көңіл бөлінді, Марат Мұсылманбекұлы әңгімесін осы тақырыпта бастады.  

– Жол шаруашылығы кәсіпорындары мен инженерлік құрылыстарға көктемгі комиссиялық байқау 20 наурызда басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Демек, әлі де жалғасуда. Ел өңірлеріндегі филиалдарда жол дистанциялары басшыларының, яғни директор, оның орынбасарлары мен бас инженерлердің төрағалық етуімен комиссиялар құрылып, тиісті бұйрықтар шығарылған.  Байқау кезінде анықталған кемшіліктер бекітілген формадағы актілермен ресімделуде. Егер 2017 жылдың 10 мамырындағы жағдайды есепке алсақ, онда бүгінгі күнге дейін 19 099 км негізгі, 5142 км станциялық жолдар және 15 491 бағыттағыш бұрманың тексерілгенін айтар едім. Байқау барысында ерекше көңіл, бірінші кезекте шпал шаруашылығына бөлінеді. Сосын түйіспесіз жолдардың қыстан шығуы, бекітпелердің жағдайы назарға алынды. Әрине, анықталған кемшіліктердің түр-түрі бар. Оларға сәйкесінше акт толтырып, түзету, жою мерзімдерін белгілейміз. Шұғыл жоюды талап ететін кемшіліктер бірінші кезекте түзетіледі.

– Жазғы жол жұмыстарының да басталатын уақыты келіп жетті. Биылғы жөндеу жұмыстарының көлемі мен ауқымы қандай болмақ?

– Жазғы жол жұмыстары наурыздың соңында оңтүстікте басталып,  қазір еліміздің барлық аймағында жүргізіліп жатыр. Биыл  RM машинасымен 285 км жолдың қиыршық тастары тазаланып, қайта салынып,  Дуомат машиналары кешенімен 4785 км жолдың асты нығайтылып, шегеленіп, түзетілмек. Сондай-ақ, 6000 км жол рельс ажарлағыш пойыздың көмегімен жаңа кейіпке еніп,  1800 км жол ПРБ машинасымен түзетіліп, тегістелмек. Өткен жылы 342,2 км жол күрделі жөндеуден өтті. Соның 243,3 километрі мердігерлік, ал 98,9 км Ағадыр ПЧМ көмегімен шаруашылық тәсілмен жүргізілді. Биыл 317,5 км жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жолы жөндеу жұмыстарын мердігерлік тәсілмен «Компания «Жол жөндеуші» және «Темір жол жөндеу» кәсіпорындары жүргізбек. Ал Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы күрделі жөндеуге араласпай, басқа жұмыстармен айналысатын болады. Жалпы биыл 570 км жолды сауықтыру көзделіп отыр. Соның 317 км жаңа айтып өттік, күрделі жөндеуден өтеді, ал қалған бөлігінде  ескі рельстер жаңасымен  немесе рельс иіндері алмастырылатын болады.

– Жаңадан салынатын  рельстер отандық өнімдер ме? Жалпы жолдың үстіңгі қабатына пайдаланылатын материалдар қай жақтан алынады?

– Жалпы материалдардың бәрін мердігер кәсіпорындар өздері сатып алады. Бірақ, айтып өтерлігі – барлық материалдар, яғни рельстер, темірбетонды шпалдар, қиыршық тас бәрі қазақстандық өнім. Өткен жылы да күрделі жөндеу барысында Ақтөбе рельсарқалық зауытынан шығарылатын рельстер салынды. Тек темірбетонды  шпалға бекітілетін skl-14 бекітпесі немістің Фоссло компаниясының өнімі, онда  да темірі, ал басқа элементтері отандық өнім. 2016 жылы  ақтөбелік зауыттың 55 тонна өнімін, яғни 430 км жолға пайдаландық. Олардың арасында рельс иіндерін алмастыру да бар.

– Жалпы, еліміз бойынша қанша км жол күрделі жөндеуді қажет етіп отыр? Нормативті  тоннаждығы асқан жол көлемі туралы не айтасыз? Егер ондай жолдар бар болса, оларды жөндеу кезегі қашан келеді және олар  пойыз қозғалысына қауіпті емес пе? 

– Соңғы анализ бойынша 2175 км жолға күрделі жөндеу жүргізілуі керек. Бірақ, қазіргі қаржылық жағдайға байланысты биыл жаңағы айтып өткен 317 км бөлініп отыр. Қалған жолға жағдайына қарай орта жөндеу, рельстерді және рельс иіндерін алмастыру  жұмыстары жүргізіле береді. Биыл рельс тіректерін тұтастай алмастыру деген жаңа жөндеу түрі қосылып отыр. Бұл дегеніміз – ескі шпалдарды толығымен жаңа темірбетонды түріне алмастыру, бірақ бетіндегі рельстері қала береді. Ал рельс табандарын алмастыру жұмыстары барысында әбден ескіріп тозығы жеткен рельстердің орнына  ақтөбелік зауыттың  су жаңа өнімдерін саламыз.  Енді нормативті тоннаждығы өткен шақырымдарға келсек, бізде мұндай 1265 км жол бар. Бірақ, оларға әзірше жөндеу жүргізбейміз. Неге десеңіз,  қазір біз күрделі жөндеуді жолдың нақты жағдайын есепке алып жүргіземіз. Бұл дегеніміз – бұрын біз күрделі жөндеу жұмыстарын нормативті тоннаждықты есепке алып жүргізетінбіз. Міне, соңғы екі-үш жылда жолдың нақты жағдайын есепке алатын болдық. Мәселен, бір телімдер бар, нормативті тоннаждығы асып кеткен, бірақ ол жолдарда пойыз аз жүретіндіктен, жолдың шыдасы  әлі бірнеше жылға жетеді. Керісінше, пойыздар күні-түні арылмайтын бір телімдер бар, әлбетте, олардың жағдайын жасау басымдыққа ие, өйткені, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтау басты орында. Ал жолдың нақты жағдайын анықтау процесіне келсек, Мобильді диагностикалық кешен бұл жұмысты атқаруда таптырмас құрал болып отыр. Оның бейнебақылау жасайтын камерасы бар. Оның «көзінен» жол, шпал, төсем жағдайы, тіпті  рельстің миллиметрге дейін тозғаны таса қалған емес.  Ол вертикальды, горизонтальды тозу деңгейін де анықтап береді. Бір уақытта МДК-ның ақауды дер кезінде анықтауының арқасында құрамның жолдан шығып кетуі мүмкін оқиғаның алдын алдық. Міне, соңғы екі жылда  МДК қорытындысына сүйене отырып және күрделі жөндеу қажет-ау деген телімнің жарамсыз шпалдар процентін шығара отырып, аталған жөндеу түрін жоспарлайтын болдық. Бұл қаржылық жағынан да, өндірістік жағынан да ұтымды болып отыр.

Марат Мұсылманбекұлы, бір кездері жол шаруашылығында ағаш шпалдарды темірбетонды негізге көшіру бағдарламасы қолға алынған болатын. Бұл шара өз мәресіне жетті ме? Екінші бір жоба, жол дистанцияларын ірілендіру еді. Оның жүзеге асырылуы туралы не айтар едіңіз?

– Жолдарды темірбетонды негізге көшіру бағдарламасы әлі де жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін жалғаспақ. Қазір біз осы бағдарлама шеңберінде, 2010 жылдан бері негізгі жолдардың 3311 километрін немесе  20 процентін темірбетонды негізге алмастырдық.  Бұл шара кестеге сай жүргізілуде. Ал жол дистанцияларын ірілендіру мәселесіне келсек, қазіргі күнде 26 филиал ірілендіріліп, ІЖД (УПЧ) мәртебесіне көшкен. Тағы 16 филиал қалып отыр. Бұл жоба 2020 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Ірілендіру тәсілін біз жоспарлы түрде жүзеге асырудамыз, өйткені, барлық шаруа қаржыға келіп тіреледі. Ірілендірілген жол дистанциясын құру үшін техникалар, машиналар, құрал-саймандар сатып алу керек, адам санын оңтайландыру керек. Қазір ірілендірілген жол дистанциялары толығымен жабдықталған техникамен қамтамасыз етілген, штат оңтайландырылған.

– Жалпы, жол дистанцияларын ірілендірудің басты тиімділігі неде?

–Жол дистанцияларын ірілендіру канадалық Оливер Вайман жүйесі бойынша жүзеге асырылып отырған жоба. Бұл жаңа тәсіл қай жағынан да тиімді. Біріншіден, жолшылардың қол еңбегін әлдеқайда жеңілдетіп, жұмыс жағдайын жақсартуда. Бұл жүйе бойынша ІЖД-да бірнеше блок жұмыс істейді. Мысалы, диагностикалық блок жолға диагностика жүргізумен айналысады. Оның нақты міндеті сол. Ал өндірістік колонна блогы диагностикалық блок анықтаған кемшіліктерді жоюмен, түзетумен айналысады. Яғни, әр блоктың өз функциясы, міндеті бар. Қазір әр ірілендірілген жол дистанциясы аталған жүйеге сәйкес табельдік жарақтандырылған. Әр телім адамдарды тасымалдайтын көліктермен, КамАЗ, фермерлер, дрезина, уақытша мекендеуге арналған модульдермен қамтамасыз етілген.

– Соңғы сұрақ, жол шаруашылығында қандай тың жаңалықтар бар және жолшылардың әл-ауқатын көтеру бағытында қандай шаралар жүргізілуде?

– Тың жаңалық ретінде, биыл Жезқазған – Бейнеу жаңа темір жол тармағы бойындағы Қоскөл – Сексеуіл теліміне қарасты жолдарға жауапты Сексеуіл жол дистанциясы және Шұбаркөлден Арқалыққа тартылған темір жолды  бақылауына алатын Арқалық жол дистанциясының ашылуын атар едім. Бұл дистанцияларға жұмысшылар сол жергілікті жерлерден алынды. Қала берді өзге дистанцияларды оңтайландыру барысында қысқарған жолшылар өз келісімдерімен сол жақтарға қоныс аударды. Ал жаңадан алынған адамдарды оқыттық, жол жұмысына үйреттік. Олардың арасында жоғары техникалық оқу орындарын бітіріп келген жас мамандар да бар. Шұбаркөл жағынан аздап қиындық бар, ол жақта жол жұмыстары вахталық тәсілмен жүзеге асырылуда. Жұмысшыларға арнап жол аралықтарында модульдер қойылған, онда өмір сүруге барлық жағдай жасалған, тамақтанатын, жататын орындар бар, теледидар орнатылған, жуынатын орын, дәретхана бар. Ал Шалқардан Бейнеуге дейінгі аралықтағы жол телімі әзірше біздің департамент қарамағына пайдалануға берілген жоқ. Келешекте ол жақта да жаңа дистанция ашылуы немесе сол жақтағы жол дистанцияларының шекаралары өзгеруі мүмкін. Бұл енді уақыт еншісіндегі мәселе. Жақсы жаңалық ретінде, жолшылар жалақысының бес пайызға өсіп, алдағы екінші жартыжылдықта тағы бес пайызға көтерілетінін айтқым келеді. Және биылдан бастап Магистральдық желі дирекциясында тоқсандық сыйақы беру жүйесі қайта енгізіліп, дирекцияға қарасты барлық филиал бірнеше топқа бөлінді. Бірінші тоқсан жұмысының қорытындысы бойынша бірінші топта 42  жол дистанциясының ішінен  10 дистанцияның жұмысы жоғары бағаланып, сыйақы алды. Бұл тоқсандық сыйақы беру жүйесі жолшыларды сапалы жұмыс істеуге ынталандырады, ал бұл өз кезегінде жол мекемесінің өндірістік көрсеткіштерін жақсартуға, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға ықпал етері сөзсіз.   

Әңгімеңізге рахмет!

Сұлугүл БАКЕСОВА

Инфрақұрылым
14.11.2025
Ірі жобалар – игі істер бастауы
Инфрақұрылым
14.11.2025
Манкент вокзалы жаңа келбетке енеді
Инфрақұрылым
14.11.2025
Құрылыс жұмыстары қызу жүруде
Аймақтар
14.11.2025
Теміржолдағы адал еңбек иесіне құрмет көрсетілді
Жаңалықтар
14.11.2025
Заңдағы жаңа нормалар түсіндірілді
Жаңалықтар
14.11.2025
Таразда теміржолды кесіп өтпек болған скутер жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті
Жаңалықтар / Мұрағат
14.11.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №95 14 қараша 2025 жыл
Жаңалықтар
13.11.2025
Жетісуға тәулігіне орта есеппен 38 вагон көмір жеткізілуде
Аймақтар
13.11.2025
Таразда болашақ теміржолшыларға арналған ашық сабақ өтті
Аймақтар
13.11.2025
Таза Қазақстан: Ерікті жастардың елеулі еңбегі
Қауіпсіздік
13.11.2025
Химиялық төгілу: Атырау станциясында оқу-жаттығу өтті
Аймақтар
13.11.2025
Байланыстың сенімді кепілі
Жаңалықтар
13.11.2025
«ҚТЖ» мен «РЖД» 2030 жылға дейін түйіспе бекеттерін дамыту туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
13.11.2025
Қазақстан мен Ресей көлік саласындағы әріптестікті дамыту жөнінде келісімдерге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
13.11.2025
«Астана – Жезқазған» бағытындағы Тальго пойызы Қызылордаға дейін ұзартылады
Жүк тасымалы
12.11.2025
Қазақстан Арменияға ай сайын 20 мың тоннаға дейін астық жөнелтпек
Жаңалықтар
12.11.2025
ҚТЖ энергия тиімділігі және цифрлық басқару жүйелері бойынша дәріс өткізуде
Әлемде
12.11.2025
Siemens Мысыр елі үшін жасалған жоғары жылдамдықты пойызды таныстырды
Жаңалықтар
12.11.2025
Жүк контейнерінен жалпы құны 2 млн теңгеден асатын металды ұрлағандар сотталды
Жаңалықтар
11.11.2025
Биыл 80 вокзал пайдалануға беріледі – Көлік министрлігі