Ақтау порты – халықаралық логистика жүйесіндегі маңызды буын

Сұхбат
30.06.2026, 10:03
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Елдің логистикалық әлеуетін арттырып, экономикасында маңызды рөл атқаратын Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қазіргі кездегі жұмыс барысы қалай, онда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен назардағы нысанның жұмыс көрсеткіштерін білмек болып порт директоры міндетін атқарушы Ғалым Айтжановқа бірер сауал жолдаған едік.

– Ғалым Әлімғалиұлы, жаңа қызметіңіз құтты болсын! Сіздің, біраз жылдық тарихы мен ел экономикасында өзіндік орны бар Ақтау портын басқарғанға дейін де көп жыл осы салада жұмыс істегеніңізді білеміз. Сұхбатымызды кәсіби жолыңыздан бастасақ...  

– Рахмет! Еңбек жолымды 1991 жылы Ақтөбе теміржолында жүк пен багажды қабылдап тапсырушы қызметінен бастағанмын. Теміржол көлігіндегі жұмыс мен үшін кәсіби қалыптасудың негізі болды және тасымалдау процесін ұйымдастырудың барлық кезеңдерін басып өтіп, терең зерттеуге, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.  

1998 жылы маған Ақтөбе жол бөлімшесінің коммерциялық ревизоры қызметін тапсырды. Бұл міндетті атқару барысында коммерциялық қызметті бақылау және жүк тасымалын ұйымдастыру мәселелерімен айналыстым. 2001-2007 жылға дейінгі кезең мен үшін станция бастығының орынбасарынан Ақтөбе жол бөлімшесінің жүк бөлімінің бастығына дейін өндірістік процестерді өтіп, ұжымды басқарудың және теміржол көлігі клиенттерімен өзара іс-қимылдың құнды тәжірибесін жинақтау кезеңі болды.  

2007 жылдан бергі кәсіби қызметім Маңғыстау өңірімен байланысты. Жиырма жылға жуық уақыт бойы Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Бұл лауазымдағы жұмысымның негізгі бағыты темір жол және теңіз көлігінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, Ақтау халықаралық теңіз сауда порты арқылы тасымалдауды ұйымдастыру және көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту болғандықтан ол Ақтау портымен тығыз байланысты еді. Осы жұмыста жүріп жүк ағындарын ұйымдастыруға, теміржол инфрақұрылымы мен порт арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіруге, сондай-ақ өңірдің транзиттік әлеуетін дамытуға байланысты мәселелерді шешуге қатысуға мүмкіндік алдым. Сондықтан порттың қызметі, оның өндірістік процестері, мүмкіндіктері мен міндеттері маған бұрыннан да жақсы таныс.  

– Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қазіргі мүмкіндіктері мен инфрақұрылымы қандай?  

– Бүгінде Қазақстанның сыртқы сауда байланыстарын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын заманауи көліктік-логистикалық кешені – Ақтау халықаралық теңіз сауда порты Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда. Порт Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан және бірқатар бәсекелестік артықшылықтарға ие. Мұнда навигация жыл бойы іске асады, өйткені акватория қыста қатып қалмайды, ал өндірістік қызмет 24/7 режимінде жүзеге асырылады.  

Порт мұнай мен мұнай өнімдерін, астықты, металды, контейнерлерді және жалпы жүктерді қоса алғанда, жүктердің кең спектрін өңдеуге қабілетті. Инфрақұрылымға мұнай құю және құрғақ жүк айлақтары, астық терминалы және паром кешені кіреді, бұл жалпы жылдық көлемде 11,8 млн тоннаға дейін экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.  

Халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында порттың географиялық орналасуы ерекше маңызға ие. Ақтау арқылы Әзербайжан, Грузия, Түркия, Иран, Түрікменстан және өңірдің басқа да елдерімен байланыс қамтамасыз етіледі, бұл портты Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық логистика жүйесіндегі маңызды буынға айналдырады.  

– Енді порттың жыл басынан бергі көрсеткіштеріне де тоқтала кетсек. Порт қызметінің нәтижелері қандай?  

– Биылғы бес айда жүктерді ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 2 023 мың тоннаны құрады. Оның ішінде мұнай – 1 540 мың тонна, астық-50 мың тонна және басқа да жүктер-433 мың тонна.  

Контейнерлерді ауыстырып тиеу 31 058 ЖФЭ жетті немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегіден асып, 115% көрсетті.  

Әрине, ауыстырып тиеу көлеміне геосаяси факторларға байланысты Иран Ислам Республикасы бағытындағы жүк ағынының қысқаруы, сондай-ақ теңіз тасымалының ауа-райына тәуелділігі белгілі бір әсер етті. 2026 жылдың алғашқы бес айындағы метеорологиялық шектеулер 31 күнді құрады. Десе де, біз бұл жағдайларды жұмысты одан әрі дамытуға кедергі ретінде қарастырмаймыз. Мүмкіндіктерді барынша жандандырып, серіктестеріміз «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «KTZ Express» АҚ, ТОО «КМТФ» және көлік-логистикалық сектордың басқа да қатысушыларымен бірлесе отырып жаңа жүк ағындарын тарту, маршруттық желіні кеңейту және логистикалық процестердің тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізетін боламыз.  

– Портқа қатысты жүзеге асырылып жатқан бүгінгі жобалар қандай?  

– Бүгінде портта бір мезгілде оның өткізу қабілетін арттыруға, контейнерлік логистиканы дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды жобалар іске асырылуда. Соның бірі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын порт акваториясының түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу бойынша ауқымды жоба. Оның аяқталуы үлкен кемелердің қауіпсіз кіруін қамтамасыз етуге, жүк операцияларының тиімділігін арттыруға және тасымалдау көлемінің одан әрі өсуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.  

Жобаны жүзеге асырушы мердігер мекеме гидротехникалық құрылыс саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес келетін заманауи мамандандырылған жабдықтар мен технологияларды қолданады.  

Жалпы бұл бір ғана мақсатты көздейтін емес, көп қырлы сипатқа ие жоба. Жоба аясында шамамен 1,3 миллион текше метр теңіз жынысын алу жоспарлануда. Теңіз түбінен шығарылатын топырақ порттың оңтүстік бағытта перспективалы даму аумақтарын қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады. Бұл бүгінде порт инфрақұрылымын болашақта кеңейту, жаңа логистикалық және өндірістік объектілерді орналастыру үшін негіз құруға, сондай-ақ жүк ағындарының одан әрі өсуіне уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.  

Тағы бір маңызды жоба - Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру. Оның бірінші кезеңінің құрылысы осы жылдың наурыз айында аяқталды және ол жылына 140 мыңға дейін ЖФЭ контейнерлерді өңдеуге жол ашады.

Аталған жобаны толық іске асыру контейнерлерді өңдеу қуатын 2028 жылға қарай жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді және Транскаспий халықаралық көлік маршрутының негізгі буындарының бірі ретінде порттың рөлін нығайтады.  

Сондай-ақ, №3 және №12 айлақтарды қайта жаңарту жобасын іске асыруды қоса алғанда, айлақ инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оларды жаңғырту порттың құрғақ жүк айлақтарының қуатын жылына 1,5 млн. тоннадан 2 млн. тоннаға дейін ұлғайтады және №12 айлақтағы бас жүктердің экспорты мен импортын қолдай отырып, контейнерлік хаб көлемінің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін жабады.  

Осы жобалардың барлығы портты дамытудың кешенді бағдарламасының бір бөлігі және Ақтаудың Каспийдегі заманауи, бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие көлік-логистикалық торап болып қалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Оларды іске асыру порттың өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға септік етеді.  

– Контейнерлік транзит пен тасымалдау географиясына тоқталсаңыз...  

– Контейнерлік тасымалдар Ақтау порты қызметінің қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Соңғы жылдары біз Транскаспий халықаралық көлік бағытына деген қызығушылықтың тұрақты өсуін байқап отырмыз.  

Бүгінде порт Орталық Азия, Кавказ, Түркия, Қытай және Еуропа елдері арасындағы контейнерлік байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Біз тасымалдау географиясын кеңейту, жаңа сервистерді іске қосу және Қазақстан арқылы өтетін маршруттардың тартымдылығын арттыру бойынша дәйекті түрде жұмыс істейміз.  

Транскаспий бағыты бойынша контейнерлік транзитті дамытуға ерекше назар аударылады. Көлік тізбегінің барлық қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестірудің арқасында жүктерді жеткізу мерзімі қысқарады, логистикалық процестер жетілдіріледі және жүк жөнелтушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалады.  

Ақтау порты тек ауыстырып тиеу пунктіне ғана емес, теңіз, теміржол және автомобиль көлігінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін маңызды мультимодальды логистикалық торапқа айналады. Бұл бізге жаңа жүк ағындарын тартуға және тасымалданатын жүктер номенклатурасын кеңейтуге жол ашады.  

Контейнерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту, портты жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту алдағы жылдары контейнерлік транзит көлемін едәуір ұлғайтуға және Ақтау порты арқылы тасымалдау географиясын кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.  

– Сөз соңын осынау жоспарлар мен жобалардан күтілетін өзгерістер және нәтижелермен қорытындыласақ ?  

– Қазір Ақтау халықаралық теңіз сауда портының алдында инфрақұрылымды одан әрі дамыту, контейнерлік қуаттарды арттыру, логистикалық процестердің тиімділігін арттыру және Қазақстанның Каспийдегі негізгі транзиттік мемлекет ретіндегі ұстанымын нығайту бойынша ауқымды міндеттер тұр. Іске асырылып жатқан кез келген жаңғырту жобалары болмасын, порттың өткізу қабілетін арттыруға және ұсынылатын қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз осы міндеттерді орындап, елдің назарындағы нысанның жұмысын әрі қарай да жандандыру, әлеуетін арттыру жолында еңбектене береміз.  

– Сұхбатыңызға рахмет!

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады