Арғын Орымбаев: «Бізде вагон қараушы-жөндеушілердің үлкен мектебі қалыптасқан»

Сұхбат
20.09.2021, 10:23
Оқуға 4 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев ел ағасы жасына толып отыр. Бірнеше жыл- дан бері кәсіби жұмысымен қатар халықтың сенімін арқалап аудандық мәслихат депутаты қызметін қоса атқарып, елдің алғысын алып жүрген жомарт жүректі азаматпен сұхбаттасудың сәті түсті. – Арғын Қайырбайұлы, Қазалы депосы аймақтағы жалғыз вагон пайдалану кәсіпорны, жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған депоның тіршілігі қалай жүріп жатыр? – Бізде вагон қараушы-жөндеушілердің үлкен мектебі қалыптасқан. Депода тек өз кәсіптерінің шеберлері жұмыс істейді деп айта аламын. Кіл кәсіпқой мамандармен мақтана аламын. Соңғы бірнеше жылда біздің тарапымыздан пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бірде-бір рет бұзылған жоқ. Талай аса қауіпті ақаулы вагонды жылжымалы құрамдардан ажыратып, апаттың алдын алған біздің жігіттердің осалы жоқ. – Әрине, мақтанышыңыз орынды. Естуімше, Қазалы вагон пайдалану депосынан 87 адам түрлі марапат иесі көрінеді. Мұндай ұжым көп емес шығар деп ойлаймын теміржолда... – Еңбектің бағалануы, қандай да болсын марапат теміржолшының мерейін көтереді, өзіне сенімін, жұмысына деген құлшынысын арттырады. Жаңағы сіз айтқан 87 адамның екеуі құрметті теміржолшы, 16 адам «Адал еңбегі үшін», 2 адам «Үздік маман» иесі, 5 «Кәсібі бойынша үздік», 39 «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісінің иегері бар және 22 адам «ҚТЖ» компаниясы басшылығының алғыс хатын алған. Одан да басқа бөлімше басшылығы мен кәсіподақтың, жергілікті атқарушы органның марапаттарына ие болған жұмысшы-қызметкерлер баршылық. Теміржолшы еңбегінің тиісті деңгейде бағалануы – ең алдымен өз абыройымыз, тоқсанға жуық марапат, міне, біздің еңбегіміздің бағалау шкаласы. – Жалпы, депо тарихы сонау патшалық ресейдің кезінде салынған емес пе, көненің көзі дейтін жәдігерлер қалған ба? – Иә, 1901 жылдың мамыр айының 10 жұлдызында құрылысы басталған Орынбор-Ташкент темір жолы 1904 жылдың қаңтарында пайдалануға берілген. 1905 жылы Қазалы паровоз депосы іске қосылып, оның құрамында вагон жөндеу цехы жұмыс жасап, 1928 жылы ол дербес учаске болып бөлініп шыққан екен. Қазалы вагон депосының тарихы осылай басталады. Ғасырға жуық уақыт ішінде қалыптасқан, өзіндік қолтаңбасы бар, кадрлар ұстаханасына айналған кәсіпорын теміржолдағы қайта құрылымдауға байланысты 1999 жылы №6 Қазалы вагон пайдалану депосы болып құрылды. Содан бері аймақтағы жалғыз вагон депосы ретінде бөлімше бойынша вагондар қауіпсіздігіне қызмет етіп келеміз. – Уақыт ағымына сай жаңару-жаңғыру шаралары қалай, қол еңбегі азайып, вагоншылар техника жетістіктерін көріп жатқан болар? – Қазалы вагон пайдалану депосының қызмет көрсету ауқымы – Түркістан-Сексеуіл-Қоскөл станциялары аралығын құрайтын 950 шақырым. Осы аралықта вагондарға техникалық бақылау жасау, табылған ақауларға байланысты ағытылған вагондарға ағымдық жөндеу жүргізу, жүк вагондарына жүк тиеу-түсіруге дайындық, тағысын тағы, сайып келгенде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазалы, Жосалы және Қызылорда станцияларында тежегіштерді жедел зарядтау және сынау қондырғылары (Узот-Р) салынып іске қосылған. Сексеуіл станциясында да УЗОТ қондырғысы бар. Вагондарға ағымдағы жөндеудің сапасын арттыру үшін Қызылорда, Шиелі станцияларында БКУ типті компрессор қондырғылары жұмыс істеуде. Барлық техникалық қызмет көрсету мен бақылау бекеттерінде вагонның магистральдық құбырында ақау анықталғанда, техникалық қызмет көрсету бекетіне дейін қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып жеткізу үшін ұзындығы 20 метрлік жоғары қысымды жалғағыш жеңдерін пайдалану ендірілді. Бекеттердегі техникалық оқыту бөлмелері тежегіш құрылымдарын оқытып-үйрету тренажерларымен жабдықталған. Сонымен қатар Қызылорда, Қазалы станцияларында 2012 жылдан бастап барлық бақылау бекеттеріндегі ПОНАБ, ДИСК құрылғылары «ақылды құрылғы» КТСМ-02 қондырғыларымен ауыстырылып, қауіпсіздіктің сақталуына жұмыс жасап келеді. 2014 жылдан бастап Сексеуіл-Жезқазған жаңа теміржолының қолданысқа берілуімен Қазалы вагон пайдалану депосына Сексеуіл-Қоскөл телімі аралығы қосылды. Соған орай, яғни кепілдік иінінің ұзаруына байланысты бес бақылау бекеті жаңадан ашылып, 36 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бұл телімнен жолаушылар тасымалымен қатар Батыс Еуропа елдері мен Шығыс Азияның арасын жалғаған контейнерлік жүк пойыздары ұйымдастырылып, біз олардың қауіпсіз қозғалысына қызмет көрсетудеміз. Жалпы, баяғыдай емес, бүгінде вагондарға қызмет көрсетуде техникалық мүмкіндік әлдеқайда артқан, оның игілігін вагоншылар көріп жатыр. – Теміржолшы атакәсібіңіз бе? – Солай десе де болады. Әкеміз Қайырбай өз заманында үздік жолшы атанған жан еді. Сол кісінің тәлім-тәрбиесі біздерді де болат жолдан алыстатпады. Бүгінде әулеттен біршама адам бармыз атакәсіпті жалғастырып жатқан... – Әңгімеңізге рахмет, мерейлі 60 жасыңызбен құттықтап, жемісті еңбегіңіз жалғаса берсін деп тілек білдіреміз!

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті