Электр желілерін мұздан тазартуда
Жаңалықтар
17.01.2017, 18:52
Ақтөбе облысы аумағында күн бір жылып, бір суып, ауа райының жиі алмасуынан жол бойындағы электр сымдарына қырау тұрып, мұз қатып жатыр. Электрмен жабдықтау дистанциялары электр желілеріне қатқан мұздарды түсірумен айналысуда.
Біріктірілген Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаевтың хабарлауына қарағанда, мекемеге қарасты Үйтас – Құдықтас станциялары аралығында мұздар түсірілген.
– Күні кеше шамамен 22 км электр сымынан мұз түсірілді. Ал, бүгін 6-шы мен Қандыағаш станциясы аралығында шамамен 20 км сымнан мұз түсіріледі. Қыс кезінде дистанциялықтарды алаңдататын бір жұмыс осы. Күн райына байланысты әзірге кішкене мұздар қатып жатыр, егер оны дер кезінде түсіріп тастамаса, мұз ауырлай береді. Сәйкесінше, сымдарға салмақ түсіп, электр қызметінің сапасына кері әсер етуі мүмкін, – дейді дистанция директоры.
Сәкен Орынбаевтың айтуынша, жол бойындағы электр сымдары жерден 8-10 метр биіктікте орнатылған. Сымдағы мұз арнайы бамбук таяқшасының көмегімен түсіріледі. Ұзындығы 10-11 метр болатын бамбук таяқшасын арнайы тапсырыспен ертерек алдыртып қояды. Осы күндері Сағыз станциясымен шектесетін аралықта да мұз қатқан. Электриктер енді солай қарай ойыспақ.
–Жалпы, дистанцияның қызмет көрсететін аумағы 800 км құрайды.
Айта кетейік, күннің бір жылып, бір салқындауына байланысты Шалқар мен Байғанин аудандары аумағында да сымдарға мұз қатып, ол кейбір жерлерде электр сапасына кері әсерін тигізіп жатыр. Мұндай жайт Ақтөбе облысымен шектес Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында да орын алып отыр деседі электр саласының мамандар.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады