Тартоғайға таза су келеді

Жаңалықтар
03.06.2016, 15:49
Теміржолсу-Қызылорда мекемесі 2012-2015 жылдар аралығында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасымен аймақтағы сумен жабдықтау нысандарын қолданыс талаптарына сай сумен жабдықтау жүйелерінің нысандарында санитарлық-техникалық жағдайды жақсартып, талап үдесіне келтірген болатын. Инвестициялық бағдарлама негізінде жүзеге асырылған шаралар тұтынушылардың көңілінен шығып, нәтижелі атқарылғандықтан игі жоба биылғы жылдың басында қайта қолға алынып, өңірдегі сумен жабдықтаушы мекемеде қарбалас тіршілік жалғасын тапты. Атап айтқанда, Теміржолсу-Қызылорда серіктестігі сумен жабдықтау жүйелерінің нысандарында санитарлық-техникалық жағдайды жақсарту шараларын Тартоғай станциясындағы су құбырын күрделі жөндеу жұмыстарымен жалғастыруда. Станциядағы 1,153 метрлік ескірген су құбырын заманауи құбырмен алмастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Серіктестіктің Шиелі учаскесіндегі телім шебері Жанайдар Жолмановтың басқаруымен көнерген құбырлар қазылып алынып, жаңа құбырлармен алмастырылу жұмыстары басшылық тарапынан да қатаң бақылауға алынған. –Қазіргі таңда Тартоғай учаскесіндегі көлемі 63-160 диаметр аралығындағы су құбырларын жаңалау, су қорғау аймағын техникалық талапқа сай жабдықтау шаралары «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы негізінде қомақты қаржы бөлініп жүргізілуде. Тұтынушының қолданысына таза ауыз су, жол бойы нысандарын тұрақты, қажетті сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс жүргізетін мекеме жұмысшыларынан арнайы техникалармен жарақталған 12 адамдық бригада станциядағы жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Өз істерінің шеберлері жұмылдырылған жұмыста экскаватор машинисі Нұрбол Түгелбаев, полиэтилен құбырларды дәнекерлеуші Махмут Сейдахметовтердің еңбектерін ерекше атауға тұрарлық, – дейді мемкеменің бас инженері Насыр Абдулла. Әрине бағдарлама негізінде атқарылған шаралар ең бастысы жол бойындағы тұрғындар, теміржолшылар болып табылатын тұтынушылардың игілігі үшін жүргізілуде. Тартоғайдағы су құбырларының негізгі басты арналары жаңартылып, тұрғындардың ауласына ауыз су су айдау мұнарасынан шыққан қысыммен жеткізілетін болады.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл