Өткен жылы теміржол көлігінің пайдаланылған жүк айналымы 239,3 млрд тонна-км-ге жетті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қорытынды табысы 120,6 млрд теңгеге жетіп, 2020 жылдың көрсеткішіне қарағанда 7,4 есеге өсті. 

Осы жылдың ақпан айында ҚТЖ қызметкерлерінің орташа жалақысы 273 мың теңгеге жетсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,5% жоғары. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаев ҚР Үкіметі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.