Қазақстан мен Әзірбайжан жүк тасымалын ұлғайта түспек

Жаңалықтар
12.04.2022, 17:01
Оқуға 2 мин
Қазақстан теміржолшысы

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ басшысы Джавид Гурбановпен кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Екіжақты келіссөздер барысында Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша мультимодальдық тасымалдарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар өткізу қабілетін арттыру және маршруттағы транзиттік уақытты қысқарту бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша теміржол әкімшіліктерінің басшылары Логистика және бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Атап айтар болсақ, 2021 жылы ТХКБ маршруты бойынша тасымалдау көлемі 586,2 мың тоннаны, ал контейнер тасымалы 25 270 ЖФЭ-ні құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызда аталған бағдар бойынша 266,3 мың тонна жүк тасымалданып, бұл көрсеткіш 2021 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 123% артық болып отыр. Ал контейнерлік тасымал 5847 ЖФЭ құрады. Бұл бағытта да өсім бар екені байқалады, яғни өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 19% көп.

Еске сала кетсек, биыл екі ел Үкімет басшыларының телефон арқылы әңгімелесулерінде, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайлов: «Әзірбайжан – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі. Екіжақты қатынастардың кең ауқымында біздің елдеріміз арасында сындарлы саяси диалог пен жемісті өзара іс-қимыл жолға қойылды. Біз өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және тереңдетуге күш саламыз», – деп атап өткен болатын. Өткен жылы Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 332 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есеге өскен болатын.

Ал бес жыл бұрын Қазақстан Әзірбайжанға жүк жөнелту үшін Құрық портын ашты. Яғни бұған дейін транзиттік тасымал қолайсыз ауа-райымен ерекшеленетін және бұл жағдай жүкті қайта тиеу табыстылығына кері әсер ететін Ақтау порты арқылы іске асырылып келген еді. Ал Құрық портының ашылуы Әзірбайжан үшін тиімді болды.

«Жаңа кешен Ақтауға қарағанда Баку портына жақынырақ орналасқан. Мәселен, Құрықтан Бакуге дейін жолға кететін уақыт 18 сағат болса, Ақтаудан 22 сағатты құрайды. Құрық портын салу кезінде Әзірбайжан теңізшілері мен Баку халықаралық теңіз сауда портының тәжірибесі негізге алынды. Сондай-ақ, 2016 жылдың 7 желтоқсанында Құрықтан сынақ режимінде жіберілген алғашқы кеме Әзірбайжанның Шахдаг паромы болды», – деп жазды бұл туралы сол кездегі ақпарат кұралдары.


Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл