Соғыс және тыл ардагерлері пойызда екі ай тегін жүреді

Жаңалықтар
09.05.2022, 14:47
Оқуға 1 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері ҚТЖ пойыздарында екі ай тегін жүре алады, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Мұндай акцияны «Жеңіс» бастамасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жылда өткізуде.

Акция Қазақстан мен ТМД елдері шегіндегі пойыздардың ҚТЖ қызмет көрсететін бағыттарын қамтиды. Бұл мүмкіндікті 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ҰОС қатысушылары, мүгедектері, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушылары пайдалана алады. Барлық қатынастардағы (ТМД шегінде) барлық санаттағы пойыздардың купелік вагондарында, сондай-ақ қала маңындағы қатынастағы пойыздарда, "Турист" класты вагондарда және "Talgo" компаниясының вагондарынан қалыптастырылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген.

Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассасына Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы уәкілетті органның белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне барған жағдайда тегін жол жүру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сату пункттерінде ғана ресімделеді.

Науқан 2022 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды