Атырау вокзалына лифт орнатылады

Жаңалықтар
27.05.2022, 10:31
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жол вокзалына екі лифт орнатылмақ. Бұл туралы Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзал шаруашылығы бөлімінің бастығы Айбек Қуанышев мәлімдеді.

Бұған дейін мүгедектер үшін вокзалда лифтінің жоқтығы қиындық тудыратыны жергілікті тұрғын- дар тарапынан талай айтылып, үнемі сынға алынып келген болатын. Вокзалдың екінші қабатына және туннель арқылы 2, 3-ші жолдарға өту тіптен қиын. Мүгедектік арбасына таңылғандар үшін бұл нағыз азап еді. 

Сондықтан бұл мәселе күн тәртібінен түспесе де қаржы қарастырылмаған, жоспарға енбеген деген сынды түрлі сылтаумен осы кезге дейін шешімін таппай келді. 

Міне енді осы олқылықтың орны толтырылып, бөлімше бұл мәселені шешуге құлық танытып отыр. Лифтінің бірі вокзалдың бас ғимаратына екінші қабат арқылы 1-ші жолға шығу үшін, ал екіншісі туннель арқылы өтетін жердегі қосалқы жолдарға шығу үшін орнатылмақшы. Мүгедек жандармен қатар қарт кісілерге де бұл үлкен жеңілдік әкелетіні сөзсіз. 

Атырау темір жол вокзалы 1972 жылы бой көтеріп, 500 орынға лайықтап салынған болатын. Одан бергі 50 жылда ішкі-сыртқы миграцияның ұлғаюына байланысты жолаушылар саны да артып, бүгінде тәулігіне 3-3,5 мыңға дейін барады. «Елу жылда ел жаңа» демекші, кезінде болмаған жаңа технологиялар бүгінде сұранысқа ие болып, вокзал қайта жабдықталып, жаңартылуда.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды