Шалқарда жұқпалы індеттерге қарсы оқу-жаттығу өтті

Жаңалықтар
27.05.2022, 10:42
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушылар ағыны көп теміржол қызметінде аса қауіпті жұқпалы індетке қарсы іс-шаралардың маңыздылығы да айрықша.

  «Бубонды оба – қауіпті індет. Осы инфекцияны жұқтырған науқас жолаушылар пойызында келе жатыр». Шалқар станциясында өткен оқу-жаттығу шарасы осындай сценарий бойынша басталды. Теміржол бойындағы санитарлық қызмет шұғыл жағдайда қауіпті індетпен күреске қаншалықты дайын екендерін көрсетті. Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Шалқар станциясының аса қауіпті карантиндік инфекциялық аурудың энзотиялық аумағы болуын ескере отырып, шұғыл әрекетке көшті. Оған барлық теміржол мекемелері қатыстырылды. Басты мақсат – аса қауіпті індет тіркелген кезде мүдделі органдар мен ұйымдардың өзара қарым-қатынасы мен санитарлық эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізуді үйлестіру. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөліміне кезекшіден №6913 «Шалқар-Тассай» қаламаңы пойызында аса қауіпті карантиндік инфекциялық ауруға күдікті науқас келе жатқандығы туралы ақпарат келіп түскеннен бастап барлық құрылым дайындық сапына келтірілді. Шұғыл хабарлау сызбасы негізінде аса қауіпті және карантинді жұқпалы ауруына күдікті жағдайы анықталғаны жөнінде барлық қатысты құзырлы мекемелерге ақпарат берілді.

  «Ең бірінші мақсат – қауіпті індетке қарсы дайындық қалай, соны анықтап алу керек болды. Жұмыс оба, тырысқақ, тағы басқа карантинді, аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың кешенді жоспарына сәйкес жүргізілді. Науқасқа кеңес беру, оқшаулау, эпидемиологиялық және дезинфекциялық топтарымен эпидемиялық індетке қарсы іс-шаралар шынайы ұйымдастырылды», – дейді АБКСЭББ Шалқар ст. СЭБжҚ бөлімінің басшысы С.Игисинова. 

Сценарийге сай оқу-жаттығу барысында Шалқар станциясына қарасты теміржол тұйығында «Бубонды оба» белгілері бар науқасқа имитация жүргізілді. Шара барлық құзырлы органдардың дайындығын пысықтаумен қатар өзара тәжірибе алмасудың да мүмкіндігі болды. Оқу-жаттығу талапқа сай өтіп, оған қатысқан құрылымдар дайындығы қанағаттанарлық деп бағаланды.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды