«Нұрлы жол» вокзал кешеніне 5 жыл толды

Фото: Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы 1 маусым күні – елорданың сәулетті де сәнді «Нұрлы жол» вокзал кешеніне 5 жыл толды. Вокзал ұжымы алғашқы мерейтой құрметіне сол күні таңертең бірінші болып келген «Өскемен-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы №68 Тальго пойызының 1-вагоны 5-орындағы жолаушыға тосынсый жасады.

Сондай-ақ, вокзал кешенінде бес жылдық мерейтойға арналған салтанатты шара өтті. Вокзал кешенінің директоры Эрик Шинтеков бес жыл бойы 11 млн астам жолаушыға қызмет көрсеткен елорданың бас теміржол қақпасының қызметкерлерін мерейтоймен құттықтап, еңбекте абыройға кенеле беріңіздер деп ізгі тілегін білдірді.

Нұрлыжолдықтарды Магистральдық желі дирекциясының Вокзал шаруашылығын дамыту және пайдалану жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев та құттықтап, осы вокзалдың іргетасы қаланып, пайдалануға берілгенге дейін басы-қасында жүрген Б.Орынбасаров, Ф.Галимов, Е.Мейірбековтің құттықтау лебіздерін жеткізді және ауызбіршілік пен ұйымшылдық, креативтілік пен заманауи көзқарас қалыптасқан ұжымға еңбекте табыс, денсаулық, амандық тіледі.

«Өскемен-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» бағытындағы Тальго пойызының 5-орынды жолаушысы Шынар Қойбағарова мен оның ұлына мерейтой иелері ескерткіш сыйлық пен «Нұрлы жол» вокзал кешеніне 5 жыл» деген жазуы бар тәтті торт сыйлады. Ал вокзал ұжымын арнайы құттықтап келген «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов әріптестеріне ақжарма тілегін жеткізіп, жолы болған жолаушыларға билет сатып алғанда әртүрлі мөлшердегі жеңілдіктерді беретін «Алтын» және «Жастар» дисконт карталарын табыстады.

– Бұл мен үшін күтпеген тосынсый болды. Вагонға кіріп келген вокзал қызметкері «5-орында келе жатқан кім?» дегенде шошып кеттім. Еңбек демалысымды алып, ұлым екеуіміз астананы көруге келе жатқанбыз. Демалысым жақсы тосынсыймен басталып жатыр. Мен Защитада бұрынғы теміржол ауруханасында бас бухгалтер болып жұмыс істеймін. «Нұрлы жол» вокзалының ұжымын бесжылдық мерейтоймен құттықтап, еңбекте табыс, денсаулық, бақыт тілеймін. Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на керемет сыйлықтары үшін алғысымызды білдіреміз. Пойыздарымыз тоқтаусыз жүріп, жолаушылар саны арта берсін! – деп жүрекжарды лебізін білдірді Шынар Қойбағарова.

«Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенін және Нұрлы жол станциясын бес жылдық мерейтойымен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Ақмола ЖТ бөлімшесі жетекшілері де құттықтап, серіктестікке қарасты станциялардың озат қызметкерлерін марапаттады. Вокзал кешенінің ерен еңбегімен көзге түскен үздік қызметкерлері мен мерейтой құрметіне өткізілген үстелі теннисі мен шахмат ойыны жарыстарының жеңімпаздары да сый-сияпатсыз қалмады. Салтанат соңы мерекелік концертке ұласты.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты