Семейде рационализаторлық қызметке арналған тренинг өтті

Жаңалықтар
24.06.2022, 13:34
Оқуға 3 мин
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Ел шығысындағы теміржолшылар рационализаторлық ұсыныстар енгізу арқылы өндірістегі экономикалық тиімділікті арттыруға өз үлестерін қосуда. Әйтсе де, әрбір мекеменің техникалық информаторлары үшін әлі де болса атқарылар шаралар аз емес. Семей ЖТ бөлімшесінде өткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ- ның рационализаторлық қызметі туралы тренинг барысында бұл мәселе кең көлемде талқыланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталық департаменті ұйытқы болуымен өткен басқосуға ҒТА-6 бойынша барлық мекемелердегі техникалық ақпарат берушілер жиналды. Кіріспе сөз алған бөлімшенің ғылыми-техникалық ақпарат және сараптама орталығының бастығы Баршагүл Омарова жиынның мақсаты жайында айтып өтті. Қатысушыларға сәттілік тілеген Семей магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Айдарбек Жаманбаев жергілікті теміржолшылар арасындағы рационализаторлық іскерлік жайында сөз қозғады. Бұл орайда бөлімшедегі байланыс және белгі беру шаруашылығының рационализаторлары өткен екі тоқсан бойынша да белсенділік танытып отырғаны айтылды. Жалпы, автоматтандыру мен механикаландыру бойынша өн- діріске жаңашылдық енгізуде ел шығысындағы теміржолшылар осыған дейін көш басында болатын. Сол тәрізді энергетика саласы бойынша жыл үлесінде 3 рац ұсыныс енгізіліпті. Жоспар аясында жүйелі жұмыс жүргізіп отырған ЭЧ қызметінің техникалық информаторлары жыл аяғына дейін тағы бір ұсыныс енгізбек. 

Айдарбек Кемелханұлы жол шаруашылығы мен қозғалысшыларға бұл бағыттағы жұмыстарды біршама ширату қажеттігін ескертті. 

Ал Семей ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ төрағасы Алик Досанов техникалық ақпараттандырушыларға табыс тілеп, жергілікті өнертапқыштарды қолдауға қашан да дайын екендіктерін жеткізді. 

Теміржол саласындағы рационализаторлық қызметтің маңыздылығы жайында сөз қозғаған Баршагүл Нүкенқызы негізгі салмақ тех ақпараттандырушыларға түсетіндіктен олардың белсенділіктері әрдайым жоғары болуы керек деді. 

– Бүгінгі тренингті ұйымдастырудағы басты мақсат ұлттық компания игілігі үшін өндіріске жаңашылдықтар енгізу ісіндегі тиімділікті арттыру, аталмыш тараптағы жоспарлы іс-шараларды белсенді жүргізу. Қазіргі күні ұлттық компания басшылығы тарапынан рационализаторлық қызмет бойынша арнайы бекітілген ереже бар. Соның аясында жұмыс жүргіземіз және өнертапқыштыққа жас буынды көптеп тарту қажет, – деп атап өткен Баршагүл Нүкенқызы қозғалыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша да жаңашыл идеялар қажет екенін ескертті. 

Сонымен қатар, жиында әр мекемедегі тәжірибелі рационали- заторлардың жанына жастарды қосып, оларды өнертапқыштыққа баулу ісі де пысықталды. 

Тренинг барысында қатысушыларға арнайы тест беріліп, біліктілік деңгейлері де сарапқа түсті. Техникалық информаторлар пікір-ұсыныстарын да ортаға салды. 

Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржолшылардың инттелектуальдық әлеуетін дамыту мен инновациялық ұсыныстарын қолдауға басымдық беруде. Рационализаторлық қызметтер өндіріске жаңа техникалар мен дамытатын технологияларды енгізіп, өндіріс көрсеткіштерін арттырып және материалдық ресурстарды үнемдеуге қол жеткізетіні белгілі. Осы орайда тың мағлұмат, жаңа тәсілдерге қаныққан техникалық ақпараттандырушылар бүгінгі тренингті ұйымдастырушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Техникалық орталығына алғыстарын білдірді.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды