«100 жас есім» жобасының екінші модулі іске қосылды

Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жексенбі күні «Балқарағай» демалыс аймағында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» жобасы жеңімпаздарының білім-біліктілігін шыңдауға арналған оқу бағдарламасының екінші модулі іске қосылды. Жобаның мақсаты – компанияның жас қызметкерлерінің әдептілік, меритократия, кәсібилік және белсенділік идеяларын ілгерілету.

Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК»АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Сауле Истлеева, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 100 жас есімі» жобасы жастар саясаты аясында жүзеге асырылып, компанияның жас кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталып отырғанын атап өтті.

«Компания басшылығы жас қызметкерлердің бастамасына үлкен үміт артып, олар жергілікті жерлерде басты тұлғаға айналып, бизнес-процестерді және жолаушылар тасымалындағы сервисті жақсартуға бағытталған жобаларды ұсынып, жүзеге асыра алады деп сенеді. Әрине, мұның бәрі сіздерге байланысты», – деді ол өз сөзінде. 

Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Мұрат Төрегелдин өз сөзінде Ұлттық компанияның, соның ішінде, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның одан әрі қарай дамып, ілгерілеуі үшін инновациялық жобалар ұсынып, озық тәжірибелер енгізетін жалынды жастар ауадай қажет екенін жеткізді. Ал «100 жас есім» жобасы 350-ден астам жастың арасынан ең үздіктерін, бәсекелестікке қабілетті жастарды іріктеп алуға ықпал еткен бағдарлама екенін айта келіп, жоба жеңімпаздарын компанияның өсіп-өркендеу жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

«Жыл сайын Жастар саясаты шеңберінде «ҚТЖ» ҰК»АҚ-да әртүрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» байқауы болатын. Осы жоба жеңімпаздарын оқытудың 4-ші модулінің жабылуы барысында «ҚТЖ» ҰК»АҚ Басқарма төрағасы Н.Сауранбаев эстафетаны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на берді. Байқау бес кезеңнен тұрды. Бірінші кезең өтінімдерді жинаудан басталды. Бұл жобаға қатысушыларды ұжымдары, жетекшілері, әріптестері ұсынды, сондай-ақ, өзін-өзі ұсынушылар да болды. Өтінім қабылдауда шектеу қойылған жоқ. Барлығы 18-ден 35 жасқа дейінгі 300-ден астам жас қызметкер Инновация, Кәсібилік, Әлеуметтік жауапкершілік бағыттары бойынша қатысты. Екінші кезеңде, байқауға қатысушылар өздерін жан-жақты танытатын, ашып көрсететін кеңейтілген бейнеролик дайындады. Міне, осы кезеңде үздік бейне-презентациялар іріктелді. Бұдан кейін қатысушылар тестілеуден өтіп, кәсіби қызметтеріне, ҚТЖ ережелері, нұсқаулар, ҚР заңнамаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Одан әрі қарай үміткерлердің әрқайсысымен ҚТЖ-ның ішкі жаттықтырушылары жоғарыда атап өткен үш бағыт бойынша жеке-жеке сұхбат жүргізді. Ең соңғы турда қатысушылар сараптамалық іріктеуден өтіп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ- ның «100 жас есімі» тізіміне енген жеңімпаздар анықталды. Бүгін біз осы жобаның екінші модулін іске қосып отырмыз», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Персоналды басқару департаментінің директоры Майра Ермаханбетова. 

Оқу бағдарламасы аясында жобаға қатысушылар тренингтер мен интерактивті, командалық ойындарға қатысты. Викторина, сұрақ-жауап, тапқырлық сайыстарында бақ сынады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады