«Тұлпар-Тальго» орталығы пайдалануға берілуге дайын
Алматыда «Тальго» жолаушылар пойызына техникалық қызмет көрсететін орталық құрылысы мәреге жақындады. Алматы-2 станциясы аумағында салынып жатқан нысанда жұмыс қызып, құрылысшылар тілімен айтқанда «соңғы штрихтар» жасалып жатыр, енді ше, ғимараттың пайдалануға берілуі жақындаған сайын уақыт күнмен емес, сағатпен өлшенуде...
Сондықтан құрылыс алаңында жұмыс күндіз-түні 3-4 ауысымда жүріп жатыр. Алдағы екі аптада жұмыс толық аяқталып, республикада ең үлкен орталық пайдалануға берілмек. Алматы орталығында 10 құрамға техникалық қызмет көрсетіледі деп жоспарлануда. Барлығы 237 вагон, оның ішінде 156 вагон «турист», 18 «грант», 16 бизнес-вагон, 2 бірінші класты вагон және 10 мейрамхана, 20 техникалық және 5 конвертер вагоны осы орталықта сауықтырылмақ.
– Жобасы 2014 жылы жасалған нысанды мердігер компания келісімге сәйкес ағымдағы жылдың 15 маусымында пайдалануға беруге дайындауда. Бүгінгі қарқынмен жұмыс істейтін болса, мерзімді күні толық бітетініне күмән жоқ, – дейді сеніммен «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жобалау және күрделі құрылыс» филиалының бас инженері Әділхан Ордабаев. – Құрылыс-монтаждау жұмыстары, құрал-жабдықтарды монтаждау аяқталуға жақын, содан кейінгі қалғаны аумақты абаттандыру. Осы жұмыстар толық аяқталғаннан кейін бас мердігерге нысанның пайдалануға дайындығы туралы декларация беріледі.
Бас инженердің айтуынша, Күрделі құрылыс дирекциясы өкілдері бас мердігер «Бек-жолы НС» ЖШС мен «Тұлпар-Тальго» зауыты өкілдерімен бірге апта сайын нысанды аралап көріп, құрылыс барысын қатаң бақылауда ұстап отырған көрінеді. Зауыт конструкторлары мен инженерлері сонау жобалау жұмыстарынан бастап, әрбір детальды орналастыру, монтаждау процесіне қатысып, қадағалап отырғанын айта кету керек.
Қуаттылығы жағынан Алматы орталығы республика бойынша ең ірісі болады. Тек қана 2 құрам қатар сыятын Астана орталығымен салыстырғанда бұл жерде бір дегенде 4 құрам вагондарына қызмет көрсетіп, рейске дайындау мүмкіндігі бар. Тек осы орталықта ғана пайдаланудағы барлық «Тальго» вагондары үшін арнаулы шеберханалар жасалып, онда арнайы станоктар қойылған.
Айта кету керек, бас мердігер «Бек-жолы НС» ЖШС бұдан бұрын Астана орталығын да салған тәжірибелі компания. Оңтүстік астанада орталықтың жолаушы құрамдары жасақталатын Алматы-2 станциясында орналасуы да дұрыс қабылданған шешім деуге болады. «Тальго» жолаушылар құрамына техникалық қызмет көрсету вагондарды ағытусыз жүргізілу көзделеді. Бір құрамға қызмет көрсету уақыты 7 сағатқа есептелуде. Алып ангарға бір мезгілде әрқайсысының ұзындығы 407 метрді құрап, тәулігіне 9 құрамға дейін техникалық қызмет көрсетілетін болады. Дайын құрамдар экипировка жолына қойылып, «Жолаушы тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалы қызметкерлеріне тапсырылады.
Алдын ала жасалған есептік жоспарға сәйкес, 2018 жылға қарай Қазақстан темір жолында «Тұлпар-Тальго» өндірісінен шыққан 1044 вагон жүйткитін болады. Демек, олардың бәрін күнделікті алыс сапарға дайындау қажет. Ал жаңа ғасыр вагондарына қызмет көрсету мен жөндеуден өткізу үшін заманауи техникалық база қажеттігі талас тудырмайды. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тальго-орталықтарда вагондардың жүріс бөлігі, ішкі жабдықтарының түзіктігі түгел тексеріліп, кем-кетігі бүтінделеді. Сонымен қатар вагондарды экипировкалау жүргізіліп, сумен, төсек-орын жабдықтармен, мейрамханалар мен барлар азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, био-әжетханалар тазартылып, дайындалады.
– Барлық құрылыс жұмыстары Talgo стандарттарына сәйкес жүргізілді, олардың барлық тілек-талаптары ескеріліп, орындалды. Жұмыс түгел аяқталды деуге де болады, қалғаны айналаны ретке келтіріп, электроэнергияны қосу, жақын күндері құрал-жабдықтарды сынақтан өткізу басталатын болады. Демек, енді санаулы күндерден кейін, белгіленген уақытта орталық толық қуатында жұмысқа кірісетін болады деп айтуға әбден болады, – деп сендірді «Бек-жолы НС» ЖШС директоры Григорий Шаповалов.
Ирина БЕКТИЯРОВА
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?