Қыстың соңы, көктемнің басы...
Солтүстікте теміржолшылар үшін қармен күрес науқаны әлі саябыр табар емес. Міне, ақпанның соңғы аптасы аяқталып, оңтүстік өңірде наурыздың нышаны баяғыда сезілсе де, қалың қардың тоңы жібігенмен, көбесі сөгілмей жатыр.
Сенбі күні Астана станциясының сұрыптау дөңесінде үш мекемеден жиналған жүзге жуық теміржолшы жұмылған қар тазалау сенбілігіне куә болдық.
Демалыс күні жұмыс жұмысқа шыққан теміржолшылар үшін ең бастысы еңбекақыларының төленуі емес, станция аумағы мен теміржолдың бойын алты ай қыс жиналған ілген қардан тазалау. Міне, таңертең онда басталған жұмыс бірнеше бағытта жүріп жатыр. Сұрыптау дөңесінде бір топ жолдар аралығынағы қарларды қос рельске тастап жатса, ары-бері жылжыған арнайы техника оларды жинап өтіп, келесі бір топ платформаға қар лақтырып жатыр.
УПЧ-17, ШЧ-16 және Астана станциясының теміржолшылары, 2 қар жинау машинасы мен 10 платформа вокзалдың оң жақ алқымын, сол маңдағы вагон жылдамдығын реттеуші құрылғылар маңайын қардан тазалау жұмысына жұмылдырылған. Сұрыптау дөңесінің бас жағы мен етек жағына екіге бөлінген жолшылар, байланысшылар және қозғалысшылар рельс бойынан жоғары тұрған қары бар қауіпті жерлердің қарын күреп, арнайы техникасының табанына тастауда.
–Көктем мезгілі келіп те қалды. Күн сәл жылып, қар ери бастағаннан теміржол бойының, әсіресе, белгі беру, вагон жылдамдығын реттеу құрылғыларының бәрінің еріген қар суының астында қалу қаупі күшейеді. Ондай жағдайда мына құрылғылар мүлдем іске алғысыз болып қалады. Сөйтіп қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төнеді, шығынға батамыз. Сондықтан жанталаса қармен күресеміз. Теміржолшылар үшін қаңтар, ақпан және ауа-райының құбылуына қарай наурыз айы да осылай өтеді. Сенбі, жексенбі күндері де түске дейін жол бойы қарын тазалаймыз,- дейді Астана станциясы бастығының орынбасары Ибрагим Манабаев.
Жоспарлы жұмыс барысында платформамен бір күнде 350 текше метр қар тиеліп, ол қала сыртына шығарылып төгілуде. Теміржолшылардың қауіпсіздігіне де жауапты Ірілендірілген Астана жол дистанциясының телім бастығы Асылбек Серікұлы биыл қар жылдағыдан көп түскенін айтады.
- Станцияның қары әбден тазалағанша өзімізге тиесілі телімдер бойынша күні-түні қармен күрес жұмыстарына шығып жатырмыз. Жолшылар барынша көптеп жұмылдырылып, платформа берілуде. Қармен күреске арналған жұмыс пойызы да күнде шығарылып жатыр. Қар жинайтын механикаландырылған техника бір тиегенде 40 текше метр қар алады. Күнде екі СМК-мен 500-600 текше метр қар шығарылып тұр, - дейді телім бастығы.
Күнделікті қармен күрес шараларының арқасында станция бойынша екі ай ішінде платформамен 5000 текше метр, ал СМК техникасымен 40 мыңға жуық текше метр қар шығарылған, осы аралықта барлығы 3000 адам жұмылдырылған.
Қауіпсіз қозғалысты сақтауды қызметінің басты ұраны санайтын теміржолшылар қыстың соңғы бір күнін осылай өткізді.
Райхан РАХМЕТОВА
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды