«Жас темір» жеңімпаздары тәжірибелі теміржолшылармен кездесті

Жаңалықтар
30.09.2022, 09:31
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өзінде және желілерінде тағылымдамадан өтіп жатқан «Жас темір» бағдарламасының бес жеңімпазы Компания топ-менеджерлерімен кездесіп, тәжірибелі теміржолшылармен әңгімелесті.  

Сәрсенбі күні өткен шарада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысы Серік Кеулімжаев бағдарлама жеңімпаздарын құттықтай отырып: «Сіздер тағылымдамадан өтумен қатар шәкіртақы аласыздар. Теміржолшы ретінде дұрыс бағытты таңдапсыңдар. «Жас темір» бағдарламасы Компанияда 2022 жылдың қаңтар айында енгізілді. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорында осыған ұқсас «Жас өркен» және «Цифрлы жаз» бағдарламалары бар. Компаниядағы жаңа бағдарламаның алғашқы қарлығаштары ретінде сіздер келешекте өз тәжірибелеріңізбен бөлісетін боласыздар», – деді.  

Кездесу барысында компанияның Қозғалыс қауіпсіздігі бас ревизоры Марат Шакенов те сөз алып, жастардың еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап жатқанына қолдау білдірді.

«Менің теміржолда еңбек етіп жатқаныма қырық жыл болды. Мен де сіздер сияқты еңбек жолымды ең төменгі сатыдан бастадым. Сол адал еңбектің, көп жылғы тәжірибенің арқасында басшылық лауазымдарға көтерілдім. 2019 жылдан бастап «Жас өркен» бағдарламасына қатысып, жастарды еңбекке баулып, теміржолшы болып қалыптасуларына атсалысып келемін. Сіздерге де ашық екенімді, білмеген нәрселеріңді қысылмай сұрап, сұрақтарыңды қоя беруге болатынын айтқым келеді», – деді Марат Шакенов.  

Жиында тағылымдамадан өтіп жатқан «Жас темір» бағдарламасының жеңімпаздары да сөз алып, алғашқы әсерлерімен бөлісті.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды