Астана станциясы:  тың өзгерістер мен соны жаңалықтар кезеңі

Жаңалықтар
10.03.2017, 11:49
Оқуға 2 мин
Астана станциясы:  тың өзгерістер мен соны жаңалықтар кезеңі басшылығы тарапынан вагон айналымын арттыру, вагондардың станцияда кідіріп қалу уақытын азайту сынды міндеттер жүктелген Астана станциясында жыл басынан бері қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.  Тың өзгерістер мен соны жаңалықтарға бастау болып отырған жобалар жайлы станция басшылығы айтып берді. «Бұл күнде көлік саласында бәсеке мықты, оған төтеп беру үшін ескі стереотиптен арылып, жаңаша жұмыс технологиясына көшуге, клиент талаптарына бағдарлануға тура келеді. Осы бағытта бізде соңғы екі айда үш бағытта нақты тапсырмалар бойынша осындағы теміржолдың құрылымдық филиалдарымен бірлесе жұмыс жасалып жатыр», – деді елорда станциясы басшылығына келгеніне көп бола қоймаған Әділет Айтбек.   Оның айтуынша, аталған үш бағыттағы міндеттердің алғашқысы – вагондар айналымын арттырумен байланысты. Барлық жүк жөнелтушілерді дер кезінде тазалық жүргізу, техникалық қызмет көрсету уақытын қысқарту, вагондардың кідіріп қалу уақытын азайту бойынша қызметпен қамтамасыз етуге күш салынуда. Бұл орайда, сан жағынан ғана емес, сапа бойынша да көрсеткіштер дұрыс болу керек. Қабылданған шаралар негізінде станция жұмысының вагондарды өңдеу жөніндегі технологиясы өзгертілген. – Кіре беріс жолдағы вагондарды өңдеу бойынша ЭЧ, ВЧД, күзет қызметімен бірігіп жұмыс жүргізгенде, станцияның 38-ші жолы қосымша жарықтандырылды,  жұмыс технологиясы өзгертілді. Соның арқасында біз вагондардың кіре беріс жолдан шыққанынан бастап аттанып кеткенге дейінгі кідіріп қалуы уақытын 2,5 сағатқа қысқарттық. Бұл зор тиімділік әкелген үлкен жетістік болды. Ал бұрынғы жүйемен жұмыс істегенде біз барлық вагонды паркке апарып, тексеру жүргізудің нәтижесінде соған 5 сағат уақыт жұмсайтынбыз, – дейді станция басшысы.   Компания жүктеген екінші міндет локомотив шаруашылығында тепловоздарға қызмет көрсетуді күту уақытын азайтуға байланысты да мардымды жұмыстар жасалған. Атап айтқанда, Астана локомотив пайдалану депосы – ТЧЭ-11 мекемесінде теміржолшылар күшімен локомотивтерді сыртта құммен жабдықтау және құмқұрғатқыш қондырғы орнатылды. Бұл ТО-2 техникалық қызметін көрсету уақытын жылдамдатады. Соның арқасында локомотивтердің бір жолдың бойында техникалық қызмет көрсетуге кезектесе тұрып күту уақытын 2 сағатқа дейін азайту мүмкін болды.   Ал үшінші мәселе –  сұрыптау дөңесі бар тораптық станция бола тұра Астана станциясында болмаған УЗОТ құрылғысын орнату. Оны қондыру арқылы шартты түрде 340 миллион теңге көлемінде экономикалық тиімділікке қол жеткізілмек. Аталған құрылғыны станцияда биыл екі ай көлемінде теміржолшылардың күшімен орнату жоспарланып отыр. Бұған қоса Астана станциясында тақ паркте станция алқымын дамыту жұмыстарын жүргізу де көзделуде.

Райхан РАХМЕТОВА Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды