Оқушылар ҚТЖ мұражайын аралады

Жаңалықтар
22.11.2022, 11:09
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде «QUANTUM STEM School» оқушылары «ҚТЖ» ҰК» АҚ мұражайын аралады.

Оқушылар теміржол саласының бірегей экспонаттарымен, ертеректе теміржолшылар жұмыс барысында қолданған аспаптармен және көненің көзіне айналған техникалармен танысты. Мұражайды тамашалауға келген балғын жастар экспонаттарға зейін сала қарап, тіпті өздеріне қызықты дүниелер тапты. Осы ретте ҚТЖ мұражайындағы әрбір экскурсия жастардың темір жол тарихына бойлап, сондай-ақ балалардың болат жол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударуларына мүмкіндік береді.  

– Оқушыларға теміржол музейі ұнады. Әсіресе, теміржолшылардың бұрынғы кезде қолданған қолшамдары, ескі телеграф, паровоз, тепловоздар, теміржолшы мундирі, қоңырау, тағысын тағылар оларға, шын мәнінде, таңсық дүниелер еді. Олар кейбір экспонаттардың қасында ұзақ болып, қызығушылық танытты, көптеген мағлұматтар алды, – дейді музей меңгерушісі Ақмарал Молдашева.  

Экскурсиядан кейін Ақмарал Молдашева шағын викторина өткізіп, ең белсенді балаларға естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға темір жолдағы қауіпсіздік ережелері жазылған жапсырмалар түріндегі кәдесый өнімдерін, блокноттар мен значоктар тарту етті. Экскурсиядан кейін оқушылар дәстүр бойынша мұражайдың тілектер альбомына өз лебіз-пікірлерін қалдырды. Соңында естелік суретке түсті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды