Астананың ескі вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

Жаңалықтар
23.12.2022, 09:25
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елорданың қалалық мәслихат депутаттары Астана станциясындағы ескі вокзалға барып, ғимараттың қазіргі жай-күйімен танысты.  

Халық қалаулылары жолаушыларға қолайлы жағдай жасауда кедергі келтіретін мәселелерді анықтап, қорытынды жиында соларды шешуге қатысты ұсыныстар айтылды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев депутаттарды вокзалдың күту залымен, екінші жолға өту аралықтарымен таныстырды. Халық қалаулылары пойыз күткен жолаушылар шағымына да құлақ түрді. ҚТЖ компаниясының вокзал шаруашылығы департаменті мен вокзал басшылығына көзбен көрген кемшіліктерін жеткізді. Пойыздардың сағаттап кешігуіне байланысты сын айтқан жолаушылар шағымына байланысты телімдерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, соған орай белгілі бір уақыт аралығында қозғалыс шектеледі деген уәж айтылды.  

– Бұл – елордадағы ең ескі тарихи ғимарат. Ескі жағы 1961 жылы, ал қасындағы қазір жолаушылар қабылдайтын жаңа бөлігі 1990 жылы салынған. Аумағы 11 174 шаршы метр. Орташа жолаушылар ағымы тәулігіне 10 670 адам. Екі жолаушылар платформасы және жолаушылар пойыздарын жөнелтетін 3 жолы бар. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу 2004 жылы жасалған. Сондықтан жөндеуге қажеттілік жоғары. Мердігер мекеме 2023 жылы вокзалды жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжатты дайындайды. Күрделі жөндеу 2024 жылы жүргізіледі, – деді Б.Котырев. Бас инженер Астана қаласы мәслихатының депутаты болып табылады.  

Қорытынды жиында сөз болған мәселелер мәслихаттың алдағы отырысында қаралып, шешімін табатын болды. Айта кетсек, қалалық мәслихат депутаттарының ескі вокзалға ат басын бұруының өзіндік себебі жоқ емес. Бас қала тұрғындары арасында қала қақпасы аталатын теміржол вокзалының жай-күйіне көңілі толмайтын жолаушылардың пікірлері әлеуметтік желілерде соңғы кезде жиілеп кеткен болатын. Сондай шағымның бірі вокзал эскалаторларының жұмыс істемей тұрғанына қатысты айтылыпты. Осы мәселе бойынша Астана теміржол вокзалының бастығы Ғалым Әбдіханға хабарласқанымызда, ол қазір эскалаторлардың барлығы да жұмыс істеп, халыққа қызмет етіп жатқанын, іске қосылғанына 7-8 күн болғанын мәлімдеді.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды