ҚТЖ мен ІІМ темір жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бірлескен жұмысты күшейтеді

Жаңалықтар
23.02.2023, 14:38
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен ҚР ІІМ және ИИДМ министрлері қол қойған «2022-2024 жылдарға арналған ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуы деңгейін арттыру жөніндегі жол картасын» іске асыру бойынша кеңес болып өтті.

Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шәкенов, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Төлеубай Кенжебеков, ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев және басқалар қатысты.

Жұмыс кездесуі барысында сындарлы ақпарат, пікір алмасу жүзеге асырылды және теміржол көлігіндегі қауіпсіздік бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ адамдар мен малдарға соқтығысу санын азайту бойынша профилактикалық іс-шараларды іске асырып жатқаны атап өтілді. Өткен жылы темір жолдарда адамдарды басу мен жол-көлік оқиғаларының саны азайды. 2022 жылы темір жолдарында адамдарды соғудың 77 жағдайы тіркелсе, 2021 жылы ол 84 жағдайға жеткен болатын.   Азаматтардың темір жолдар арқылы қауіпсіз өтуі, адамдардың соқтығуын болдырмау үшін тыйым салатын  белгілерді жаңарту бойынша шаралар қабылданды; белгіленбеген орындарда темір жолына бөгде адамдардың шығып кетпеуін және жайылған малдың алдын бөгейтін қоршаулар орнатылды.

Марат Шәкенов тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, шұғыл тежеулерді, құрамдардың кестеге сәйкес емес тұрақтауларын тіркеу бойынша негізгі проблемалық мәселелерді жеткізді және басқа да мәселелерді ашып көрсетті.

«Жол картасын» іске асыру бойынша одан да белсенді және жүйелі бірлескен жұмыс қажет», - деп атап өтті Марат Шәкенов.

Станциялардың, вокзал ғимараттарының аумақтарында барлығы 3985 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның ішінде: вокзал ғимараттарында - 3645; станцияларда, саябақтарда - 340. «ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотивтері сыртқы және ішкі бақылау бейнетіркегіштерімен жабдықталған. Бүгінгі таңда бейнебақылау жүйелерімен 230 локомотив жабдықталған.

Сондай-ақ, жылжымалы құрамды өлшеуге арналған станциялық парктердегі вагон таразыларының саны көбеюде. Қазіргі уақытта олар Шымкент, Түркістан, Алматы 1, Шу станцияларында орнатылған.

Жолаушылар пойыздарының 27 бағытында (вагон-мейрамханаларда, вагон-барларда) бейнебақылау камералары орнатылған. Бұдан басқа, кадрлардың біліктілігін арттыру саласында ҚТЖ мен көліктегі полиция департаменті арасында өзара ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жұмыс істейді, оқу жоспары әзірленді.

Полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев теміржолшыларға бірлескен жемісті жұмыс үшін алғыс білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар көлік кешені объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар екіжақты шешімдер қабылдады. Бірлескен жұмыс шеңберінде азаматтармен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды.

 

Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті