Қырық қыз

Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қырық қыз... Мәңгілік өмір іздеген Қорқыт баба қобызының сарынына елтіп түрікмен елінен сапарға шыққан қырық қыздың Сырдария жағасына келіп жететін ерлігіне арқау болған дастан, болмаса елін жаудан қорғау үшін мүсінге айналған Сайрамдағы қырық қыз хикаясы, Түркістанның ноғайлы еліндегі «Қырық қыз» эпосы – бәрі де әйелдердің батырлығы мен бекзат болмысын паш етеді.

Алайда, біздің бүгінгі кейіпкерлеріміздің жөні басқа. Олар тау қопарып, жауды жағадан алып, жер жастандырмаса да ерлермен тізе қосып күн-түн демей еңбек етіп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үлес қосып жүрген Қызылорда станциясының қыз-келіншектері. Өйткені, олардың жауапкершілігі жоғары әрі аса қауіпті аймақта еңбек етуінің өзі ерлік. Мәселен, станцияға келіп тоқтаған пойыздардан вагонды ажырату, тіркеу кезінде станция кезекшісі жанындағы операторлар Индира Нағызбаева мен Айсұлу Мырзашева тізгінді қолға алып, жедел іске кіріседі. Бұл кезде Раза Байдүйсенова мен Айнұр Иманбердиеваның жүк жайындағы дерегі арқылы аға кассирлер Фарида Кеңесбаева мен Жанар Смағұлова және жүк кассирі Ақжарқын Тастыбаева құжаттаумен айналысады. Аға жүк қабылдап-тапсырушылар Тұмар Әлібаева, Галина Утехина, Сәуле Оралбаева мен Мәдина Тұяқбаева станцияға аялдаған вагондардан түсірілетін жүктің қай тұйыққа жөнелтілгені, одан түскен қаражат есебін құжаттап отырады.  

– Біздің станцияда түрлі мамандықта жұмыс істейтін қыз-келіншектер баршылық, атқаратын жұмыстары өте жауапты әрі маңызды. Барлығы өз кәсіптерін толық меңгерген әмбебап теміржолшылар, бекетке белгіленіп берілген өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің уақытылы орындалуына үлес қосып жүрген нәзік жан иелерін еркелетіп «Біздің қырық қыз» дейміз, өз кәсіптерін ұршықтай иіріп отырған бұл қыздар жігіттер секілді жүк вагондарын ажыратып-қосып, құрастырмаса да олардан бір мысқыл да кем жұмыс атқармайды, – дейді станция бастығының орынбасары Алмас Ұзақбаев.  

Ол жоғарыда аты аталған қыз-келіншектерден бөлек пост операторы Гүлнар Мулдашова, жүк сақтаушылар Бақыт Айменова мен Бота Қуанова, тауар кассирі Гауһар Ермекова, Ұлдар Аймаханова, Апипа Ерешова, Гүлістан Искакова, Мира Филипова, Жақсыгүл Жүнісова мен тауар кеңсесінің бастығы Гүлнар Мұсаевалардың ерен еңбегін ерекше атап өтуімізді сұрады.  

Бізге дейін аңыз болып ауыздан ауызға тараған жүректі батыр қыздар, ақылды арулар, айдай көркімен әлемді аузына қаратқан сұлулар жайлы жазылған дастандар, аңыз әңгімелер, тарихи шығармалар аз емес. Қазіргі таңда сол шығармалардың сарыны ретінде бейбіт өмірде ерлермен қатар еңбек етіп ел қазынасын толтыруға үлес қосып жүрген әйел затын қалай құрметтесек те жарасады. Соның ішінде қауіп-қатері басым теміржол саласында еңбек етіп, әрі отбасында асыл жар, аяулы ана рөлін атқарып отырған нәзік жан иелерінің орны бөлек. Қызылорда станциясында еңбек ететін қырық оның жарқын мысалы.  

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты

Басқа да жаңалықтар