Әлемді мойындатқан теміржолшы

Жаңалықтар
24.03.2023, 10:07
Оқуға 2 мин

Музыка саласындағы әлемдік «Грэмми» сыйлығын теміржолшы жеңіп алады деп ешкім ойламады. Шағын ғана қалада теміржолшы болып жұмыс істейтін Иманбек Зейкенов осыдан екі жыл бұрын наурыз айында әлемдік сыйлықты иеленіп, бұл мүмкіндіктер заманы екенін дәлелдеген еді.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ Павлодар бөлімшесі Ақсу-1 станциясында белгі беруші болып қызмет еткен 20 жастағы Иманбек Зейкенов әлемге танымал болады деген ой ешкімнің өңі тұрмақ, түсіне де кірмеді. Темір жолда қызмет ете жүріп музыкамен әуестенген ол қазір әлемдегі ең мықты DJ-дің біріне айналды.

«Мен темір жолда белгі беруші болып жұмыс істедім. Бұл тоқтау және маневр жасау кезінде жылжымалы құрамды бекітетін адам. Пойыз келе жатқанда маған рациямен хабарлап, «белгі беруші пойызды бекітіңдер» деп ескертеді», – дейді музыкант өзінің естеліктерінде.  

Иманбек темір жолда жұмыс істеп жүріп өзінің бала кезден әуестенетін музыкасын тастамады. Әншілердің туындыларын қайта өңдеп, ремиксін жасап оларды түрлендіріп, тартымды етуге барын салды. «Грэмми» сыйлығын ол америкалық Saint JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксімен жеңіп алды.

Музыкант әлемдік аренада өнер көрсетіп жүрсе де үнемі теміржолдағы еңбек жолы, ұжымдастары жайлы жылы жылы естеліктерімен бөлісіп отырады.

«Теміржолда мен жұмысшылардың арасында ең кішкентайы едім. Әріптестерім жергілікті телеарналарға мен жайлы хабарлар шыға бастағанда ғана менің музыкант екенімді білді. Жиналысқа кіргенде олар: «О, жұлдыз келе жатыр» деп қарсы алды. Олармен қарым-қатынасым өте жылы болды, әріптестерім мен үшін шынайы қуанды», – деп еске алады диджей.

Бір қызығы «Грэмми» сыйлығына үміткер ретінде өтініш бергенін Иманбектің өзі де білмей шықты. Кейін анықталғандай музыкант келісімшартқа отырған Effective Records студиясы мен рэпер SAINt JHN барлығын өздері ұйымдастырған екен.  

Теміржолшының жұлдызын жаққан «Roses» әні 2016 жылы жарыққа шыққан, алайда қазақ баласы өңдеп шыққан нұсқасы көпшіліктің көңілінен шығып, хитке айналды. Иманбек бұл әуеннің тынысын ашып, екінші өмір сыйлады десек болады. 2020 жылы бұл әуен әлемнің әр түкпірінде көп тыңдалған. Ал, YouTube-тегі көрілімі 145 миллионнан асқан.  

Оның үстіне, бұл композиция 20 апта бойы британдық Billboard Hot 100 чартында топ-10 болды. Сондай-ақ ремикс Apple Music-тің топ-10 кіріп, Shazam музыкалық қосымшасында 22 млн рет көрілген.

Иманбек «Грэмми» сыйлығын алған соң шетелдік әншілермен бірлесіп бірнеше композиция шығарды. Талантты қазақ баласымен бірге жұмыс істегісі келетін студиялар да көбейді. Жақында Нью-Йорктің әйгілі Таймс-сквер алаңындағы экранға Иманбек пен америкалық әнші Тревор Дэниелдің суреті шықты. Олар In The Morning атты су жаңа трегті жарыққа шығарды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды