Құжаттама талабы – сауаттылық (Фото)

Жаңалықтар
26.05.2023, 10:54
Суреттерді түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Жамбылда екі күндік семинар өтті. Іс-шарада станциялардағы нормативтік-технологиялық құжаттама жасау және енгізу мәселесі көтерілді. Басқосуға серіктестік филиалдарының инженерлік-техникалық қызметкерлері, қозғалыс қауіпсіздігін бақылаушылар, ірі станциялар басшылары мен нормативтік-технологиялық құжаттарды рәсімдеуші мамандар қатысты.

Жиынға Астанадан арнайы келген «Жүк тасымалы» ЖШС бас менеджері Рита Енсебаева бастаған мамандар күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасап, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Семинар жұмысына ЗУМ арқылы байланысқа шыққан «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Руслан Молдағалиев пен «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Ерлан Бурхутов станцияларда нормативтік-технологиялық құжаттарды рәсімдеу және оның жаңа технологиялар негізінде дамыту жолдарына қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Жалпы екі күн бойы мамандар станцияларда техникалық-басқару актісін дайындау жолы мен бизнес-жоспар жобаларын, сұрыптау паркіндегі қозғалыс қауіпсіздігі нұсқаулығын орындау шаралары бойынша қызу талқы болды.

– Екі күнгі іс-шарада көптеген мәселе тақыланды. Мен өз тарапымнан «Арыс-1 станциясына бұрыштамалық қосымша жол құрылысы» бизнес-жоспар жобасын ұсындым. Оның ұлттық компания үшін және еншілес компаниялар үшін тиімділігін таныстырдым. Жобаның негізгі стратегиялық мақсаты, жүзеге асқанда жүк өтімділік көлемі, экономикалық тиімділігі, жобадан күтілетін сандық және сапалық көрсеткіш, нақты есептерді ұсындым. Жүк көлемін арттыру мақсатында бұл бизнес-жоспар жобасы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не де берілген. Арыс-Тараз-Арыс-Сарыағаш-Арыс телімінде күрделі учаскелердің бар екенін ескерсек, ұлттық компания жұмысының тиімділігін арттыратын жаңа жобаны жүзеге асыру қажет деп санаймыз. Жалпы, бүгінгідей басқосулар жиі өтіп тұрса, бір-бірімізден үйренеріміз көп болмақ, – дейді Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі техникалық бөлімінің жетекші инженері Людмила Квон.  

Семинарды қорытындылаған Рита Әбдіжәлелқызы нормативтік-технологиялық құжаттама сауаттылығы талқыланған жиын көпшілікке пайдалы болғанына сенім білдірді. Ортақ тақырып, талқылау барысында бірталай мәселелер шешімін тапса, тиімді ұсыныстарды өндіріске енгізу уақыт еншісінде екенін жеткізді. Сонымен қатар семинарды ұйымдастырған Жамбыл бөлімшесіне алғысын айтып, Жамбыл ЖТ бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожабековке «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Марлен Көкірекбаевтың Алғыс хатын тапсырды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады