Теміржолшылар тиімді коммуникация дағдыларын үйренді

Жаңалықтар
30.05.2023, 10:46
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда теміржолының мәжіліс залында өткен екі күндік «Білім экспресі» тренингі «Стреске төзімділік», «Тиімді коммуникация», «Кикілжіңді басқару», «Клиент және сервис» тақырыбында өрбіді.

Тренинг тақырыбы айтып тұрғандай, қызметкерлерді түрлі психологиялық күйзеліске қарсы тұра білуге үйретіп, психологиялық дайындықтан өткізуді мақсат тұтқан іс-шараны Ұлттық компанияда арнайы дайындықтан өткен Алма Сәулебаева, Бекзат Кәрімханов, Гүлжан Кішкентаева және Меруерт Жұмаханова сынды ішкі тренерлер жүргізді.

Тренинг «психологиялық күйзеліс» сөзіне сараптама жасаудан басталып, оның «күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширығып стреске түсу» мағынасын білдіріп, жалпылама тілмен айтқанда адамның ерекше көңіл-күйін бейнелеп, «Стресс» сөзін алғаш рет ХХ ғасырдың 60 жылдары «бейімделудің жалпы синдромы» деген ұғымға теңеген, канадалық дәрігер Селье Ганс енгізгеніне дейін сөз болды. Және осындай күйзеліске түскен адамның одан арылу жолдары да нақты дәлелдермен көрсетілді. Тақырыпты терең меңгерумен қатар, оны аудитория ұғымына қарапайым тілмен, нақты мысалдармен дәлме-дәл жеткізе білген Бекзат Кәрімханов қызылордалық теміржолшылар алдында өзінің шеберлігін көрсете білді. Түрлі ситуацияға қатысты бейнероликтер көрсетіліп, ол қызу талқыланып жатты.  

– Мен «ҚТЖ» компаниясының сертификатталған ішкі жаттықтырушысы болып қызмет атқарамын, негізгі қызмет орным – Семей ЖТ бөлімшесінің өндірістік қауіпсіздік және экология бөлімінде еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженерімін. Жаттықтырушы болғанға дейін бірнеше рет конкурстық сараптамадан өтіп, рұқсат алдым. Бүгінгі тернингке қызылордалық теміржолшылардың басшысынан бастап қосшысына дейін белсенді қатысуда. Керек жерінде ситуациялық сауалдар беріп, оның шешімін бірге іздестіріп, тренинг қызықты өтуде. Жалпы аймақ теміржолшылары мейлінше ашық, тренингке қатысты кез-келген сауалға белсенді араласып, өз ойларын еркін жеткізетінін байқап риза болып отырмын. Бүгінгі тренинг алдағы күндерде оң нәтиже беріп, пайдасын тигізеді деген ойдамын, – деді Бекзат Кәрімханов.  

Екі күндік оқу барысында күйзеліске тап болудың сан түрлі жолдары сөз болып, стресс белгілері, оның себептері, стрестің «эустресс» және «дистресс» түрі деген не, күйзеліс сатылары, одан шығу жолдары, стреске не душар етуі мүмкін, стрестің алдын алу үшін не істеу қажет, тағысын тағы түрлі сауалдарға жауап іздеген жиын болды. Ара-тұра күйзелісті жеңуге жетелейтін жаттығулар да жасалып отырды.  

Тыңдаушылар да тренингтің қызықты өткізілгенін қоштады. Стрестен құтылу үшін дене жаттығуын жасау, серуен, психологиялық, ароматерапия, денені тынықтыру, өз-өзін кез-келген жағдайда ұстай білу, салқынқандылық таныту, жалпы кез-келген күйзеліске себеп болатын жағдайды оңтайлы шешу адам бойындағы күйзелістен арылудың алғашқы қадамы екенін ұғынудың өзі үлкен көмек болғаны анық. Ал бұл дегеніміз – жетістікке жетелейтін жол болмақ.  

Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік