Жолдама сарапқа салынды (Фото)

26.06.2023, 11:59
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор

Қызылордада жыл сайын теміржолшылар арасында өткізілетін «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының дәстүрлі бильярд кубогының жартылай финалы өтті.  

Аймақ теміржолындағы барлық мекемелерден екі ойыншыдан жасақталған 8 құрама команда қатысқан тастаяқ туры москвалық бильярд талаптары негізінде жүргізілді. Ол дегеніміз, бильярд столының үстіндегі ойын шарларын тек қызыл түсті шармен ғана ұрып, қабырғалықтағы ойық-нысанаға түсіру керек. Спорт секторы Бақытжан Имбергенов кубок турнирінің екі жеңімпазы Павлодарда өтетін   бәсекеде аймақ намысын қорғайтынын жеткізді.    

– «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының дәстүрлі бильярд кубогы жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы кубокқа да үміткерлер іріктелуде. Бүгінгі ойынға дейін аймақтағы тораптық станцияларда іріктеу турнирлері өткізілді. Олардың  жеңімпаздары бүгінгі додаға қатысып, бақ сынауда. Турнир москвалық бильярд тәсілімен өтетін болғандықтан барлық талаптар ескерілуде, – деді спорт секторы.

Ең кемі екі рет жеңіліс тапқан ойыншы ойыннан шеттетілетіні де ескертілді. Геометриялық дәлдік пен математикалық есептілікті қажет ететін тастаяқ осал ойыны емес. Бұған өзіне сенімділік пен ептілік, берік жүйке, арақашықтықты ойша сыза білу шеберлігі де керек екен. Осындай шеберліктерін паш ете білген мықты ойыншылар да анықталды. Қызылорда локомотив пайдалану депосының заңгері Марлен Ермекбаев жүлделі 3-орынды иеленсе, Қызылорда жол дистанциясы шеберханасының шебері Медет Шеров 2-орынды еншіледі. Ал Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің диспетчері Нұрдаулет Тлеуов барлық ойыншыларды ойсырата жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді және жолдаманы ұтып алды.    

Турнир барысында Қызылорда қосалқы бөлімі кәсіподақ ұйымының қызметкерлері сервистік қызмет жасады. Жүлдегерлерге кәсіподақ ұйымы әзірлеген бағалы сыйлықтар мен кубок берілді.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды