Теміржол әскерилері 12 ұрлықтың жолын кесті

Жаңалықтар
03.07.2023, 15:11
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Тараз филиалы Жамбыл бөлімшесіне қарасты мың шақырымнан астам болат жолдың аумағына қызмет көрсетеді. Теміржол нысандарындағы күзетті ұйымдастырып, тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін назарда ұстап отырған теміржолдың әскерилері алғашқы тоқсанда 12 ұрлықтың жолын кескен.  

Филиалдың Тараз, Түрксіб, Шу, Сарышаған станцияларында орналасқан 4 атқыштар командасына нағыз тайдың тасындай жігіттер іріктелген. Сондай-ақ Тараз, Шу, Түрксіб станцияларпында Шұғыл әрекет ететін оңтайлы топтар да ұйымдастырылып отыр.

– Біздің басты мақсатымыз – тасымалдағы миллиондаған тонна жүктерді діттеген жеріне жеткізіп, қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету үшін әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету. Жол бойындағы тәртіп бұзушылық, ұрлық-қарлықты қадағалап, бақылайтын сарбаздарымыз арнайы техникалар мен қару-жарақпен қамтамасыз етілген. Осы жылдың бірінші тоқсанында барлығы 5261 жүк құрамы қабылданып, оның ішінде 3090 жүк пойызы және локомотивсіз тасталған 1070 пойыз толықтай күзетпен қамтамасыз етілді. Темір жолдағы ұрлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішімен салыстырғанда ұрлық күдігімен ұсталғандардың саны отыз пайызға көбейген. Шұғыл әрекет ететін топтың күшімен бірінші тоқсанда 12 ұрлықтың беті ашылып, 13 азамат желілік полиция бөліміне жеткізілді, – дейді Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов.

Күзет қызметінің жұмысы тіпті де оңай емес, сарбаздар кейде төтенше оқиғалармен бетпе-бет келіп жатады. Ақпан айында таңертең 5.30-да күзетшілік міндетін атқарып тұрған Түрксіб атқыштар командасының күзетшісі Е.Нышанбаев станциядағы жинақтау паркінің 25-ші жолында екі адамның сұлбасын байқап қалады. Күзетшінің көзіне іліккенін білген екеу жедел мемлекеттік нөмірі «KZ 134 UUA» жеке БМВ автокөлігіне мініп, қаша жөнеледі. Ізіне түскен күзетші Түрксіб станциясы, Степная көшесі 8 үй тұрғыны, 1998 жылы туған күдіктіні құрықтайды. Ол №29509890 вагонының бекіту пломбалау құрылғысын үзіп үлгергені белгілі болды,  

Жалпы, осы аралықта Шұғыл әрекет ету тобы ұрлықтың алдын алу бойынша болат жолдың бойында 70 іс-шара ұйымдастырып, жүк пойызына 22 рет жасырын бақылау жүргізіпті. Соның нәтижесінде 66 азаматқа темір жол бойындағы ережені бұзған үшін ескерту жасалған.

– Біз әрдайым жаяу жүргіншілерге болат жолдың бойы қауіпті аймақ екенін ескертумен келеміз. Өз өміріне бей-жай қарайтын тұрғындар, өкінішке орай, азаймай отыр, – дейді Еркін Түгелбайұлы.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті