Ескі құрылғылар сенімсіз болып тұр

Жаңалықтар
10.07.2023, 11:55
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы жыл басынан бері өндірістік жұмыс барысында апатты жағдайға, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуына жол бермей, бүгінде жазғы күтім жұмыстарымен айналысуда.    

Дистанцияның техникалық бөлім бастығы Нұрлан Жүсіпбаевтың мәліметінше,   пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі толық сақталып, оқыс оқиғалардың орын алуына жол берілмегенмен, аймақтағы ЭЧ-25, ПЧ-57 секілді салалас мекемелерге қатысты СОБ құрылғыларының өткен жылы 16 мәрте істен шығу жағдайы, биылғы жартыжылдықта жол төсемі рельсінің дұрыс болмауы мен электр қуатының іркілісі себебінен 5 рет тіркелген.

Дистанциялықтар технологиялардың көмегімен жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын реттейтіндіктен құрылғыларда ірілі-ұсақты кемшіліктер көрініс беріп жатады. Мәселен, Майлытоғай бекетіне кіріп келе жатқан пойыздың жолындағы Н1 сигналының 0,06 секундқа жабылып бұғатталуы, Ақмая бекетіне кіреберістегі тақ-Н сигналының 0,09 секундқа іркілісі, Шиелі станциясы арқылы КРЕК мекемесінен таратылатын желідегі электр қуатының іркілісі дистанция есебіне тіркелген.

– Құрылғыларға күнделікті күтім жасалуда. Мамыр айында Шиелі станциясында ПМ-12-УЗ фидерінің магнитті қосқышы жаңартылса,Тереңөзек, Екпінді, Бөрітескен, Жайылма, Бөройнақ, Жаңақорған станцияларында КДРШ релесі НМШ типімен ауыстырылды, Қараиірім, Тереңөзек, Керкелмес және Жалағаш бекеттерінде  кіріс-шығыс бағдаршамдарының монтажы, сонымен қатар бірнеше өндірістік күтім жұмыстары жасалды, – деді техникалық бөлім басшысы Нұрлан Жүсіпбаев.

Дистанция есебіндегі технологиялық талап тұрғысынан ескірген байланыс құрылғыларының сенімсіздігі қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына бірден-бір себеп болуы мүмкін деген де күдік бар екен. Құрылғылар ішінара жаңартылып жатқанымен ескілері де жетерлік көрінеді. Дистанция жұмысшылары жиі сыр беретін  ескі құрылғыларды жамап-жасқап пайдаланып отыр. Дегенмен, олар  әлдеқашан есептен шығарылуы керек. 30-43 жыл бұрын пайдалануға берілген құрылғылар, ЭЦ станциялары, 40 шақырым шамасында АБ желілері және 625 шақырымдық кабельді желілердің де қызмет көрсетіп келе жатқанына 35 жыл болып, тозығы жеткен.    

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды