Ағымдағы жылғы 17 шілде сағат 01 - ден 05 минут өткендеТүрксіб - Шу учаскесінің Аспарастанциясында жүк вагондарының жолдан шығыпкетуі орыналды.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында жөндеу-қалпынакелтіру жұмыстары жүргізілуде. Жолдан шығу оқиғасы жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсеретті. Барлық пойыздар ауыз су мен қамтамасызетілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Орыналған жағдайдың себептерін анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы құрылды.