«ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы 2026 жылдың соңына дейін 1400 астам өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық ғимарат жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту және еңбекті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі бекітілген бағдарламаға сәйкес 2023 жылы 356 нысан жөнделеді. Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша 100 ғимаратқа жөндеу жұмыстары аяқталды. 2024 жылы 370 ғимаратты жаңарту жоспарлануда.
Ғимараттарды ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету үшін «Теміржолсу» АҚ ТЖС өңірлік филиалдарын дамыту бағдарламасы әзірленуде.