TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN көрмесі өтеді

Жаңалықтар
08.08.2023, 09:50
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада дәстүрлі «Көлік және Логистика» көрмесі өтеді. 26-шы TransLogistica Kazakhstan 2023 халықаралық көрмесі 4-6 қазан аралығында «EXPO» ХКО-да ұйымдастырылмақ.  

TransLogistica Kazakhstan – Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі, маңыздылығы мен келушілер саны бойынша ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдерінде TransRussia-дан кейінгі екінші көрме. Алғаш рет 1996 жылы өткізілгелі бері бұл жоба көлік, логистика, машина жасау және аралас салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды іс-шараға айналды.

TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жеке жүк автокөліктері паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың, қоймалардың және порт инфрақұрылымының иелерімен тікелей байланыс арқылы кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, сондай-ақ көліктік-логистикалық тізбекті құру үшін сенімді серіктестерді табуға және тиімді шарттармен ынтымақтастық туралы келісімге мүмкіндік береді. Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтау мен өңдеуге арналған бағдарламалық қамтылым мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді.  

Көрмеге қатысушылар қатарында Қазақстан мен шетелдің теңіз порттарының, темір жолдары мен арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері, логистикалық компаниялар, автотехника өндірушілері мен дилерлері, вагон жасау және жөндеу зауыттары, логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдықтарды жеткізушілер, қойма жабдықтарын өндірушілер, жүктерді өңдеу мен қоймалауға арналған компаниялар бар.  

Бүгінгі таңда биылғы көрмеге қатысуға 15 елден 200 компания ұсыныс берді. Олардың қатарында Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия және Эстония бар.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды