«Жолаушылар тасымалы» АҚ Нұр-Сұлтан 1 станциясында перронды сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізуге байланысты 2023 жылғы 14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында бес қаламаңы теміржол электр пойызы уақытша Нұрлы жол станциясынан келіп-жөнелтілетінін хабарлайды.
- «Нұр – Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар» қатынасындағы №6803 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 07:30-да.;
- «Нұр – Сұлтан – Көкшетау» қатынасындағы №6829 электр пойызы жөнелту уақыты сағат 08:08-де.;
- «Ерейментау – Нұр-Сұлтан» қатынасындағы №6831 электр пойызы келу уақыты сағат 07:18-де.;
- «Қарағанды – Бурабай курорты» қатынасындағы №7553 электр пойызы келу уақыты 08: 56 және кету уақыты 09:20 сағ.;
- «Бурабай-Қарағанды курорты» қатынасындағы №7556 электр пойызы сағат 19:20-да келіп, сағат 20:00-де жөнелтіледі.
Сондай-ақ, «Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» қатынасындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы станциясындағы тұраққа тұруы уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз.
Қалған теміржол жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүретінін атап өтеміз.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «KTZH_PP_BOT» Телегармм боты арқылы алуға болады.
Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.