«Астанаға көктем кеш келеді» деген сөз бар. Бірақ міне, сәуірдің соңғы сенбісінде өткен бүкілқалалаық сенбілік арқа төсіне де көктемнің келгенін білдірді. Жаппай сенбілікке шыққан астаналықтар қатарында Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты  қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ұжымы да болды.   Бұл күні мұндағы есеп, ұйымдастыру және бақылау бөлімдерінің мамандары аула тазартып, ағаштар бүгін ақтап, жас шыбықтар отырғызып, гүл көшеттерін орналастырумен айналысты. Биылдыққа екінші рет сенбілік жасаған олар  аула маңын шөп-шалаңнан, қоқыстардан тазалартып,  су жүретін арықтарды тазартты.   Айтуар Мақаева, А.Қаспанова, Ә.Ғалиев, В.Рылов, Н.Қонысбаев, А.Қыдылбекова, Б.Қайырбек, А.Ақатаева, Ғ.Ахметов сынды  ұжым мүшелері ерекше белсенділік танытып, қай кезде де сөздің емес, істің адамдары екендіктерін таныта білді.    –Сенбілік қанша жылдан бері дәстүрге айналған шара. Ал өткен аптада өткен бүкілқалаалық сенбіліктің орны бөлек, біз бүкіл ұжымымызбен шықтық. Жуырда басталатын «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай қаламыздың тазалығына тамшыдай да болса үлес қоссақ дейміз, дейді  – дейді депарамент басшысының орынбасары Б.Қалмағанбетов.  

                                                                             Төребай КЕНЖЕБАЙ