«Экономика. экология. Өндірісте және тұрмыста суды үнемдеудің 10 қарапайым ережесін қолданыңыз» экологиялық акциясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалдарында «Қанша қажет, соны ғана пайдаланыңыз» ұранымен өтті.
Оның мақсаты – экология мәселелеріне назар аудару және суды үнемдеуге шақыру, су ресурстарын сақтауға ұқыпты қарауды насихаттау және суды үнемдеу қажеттілігі. Акция аясында экологтар теміржолшылар арасында түсіндіру шараларын өткізді.
Бұл акция теміржол экологтарының маңызды бастамаларының бірі болып табылады, ол жыл сайын танымал бола түсуде.