Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінен 26 қазанына дейін және 6 қарашасынан 7 желтоқсанына дейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго пойыздарында үш теміржол бағыты бойынша жеңілдіктер енгізеді:
- № 79/80 «Астана – Арқалық» - билет құнынан 20% жеңілдік;
- №81/82 «Астана – Қостанай» - 30%;
- №65/66 «Астана – Жезқазған» - 40%.
Жеңілдікпен билеттерді ресми www.bilet.railways.kz сайттан және «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы (андроид-платформасында қол жетімді) сатып алуға болады.
Сондай-ақ, жолаушылар «Алтын» және «Күміс» жеңілдік карталарын қолдана отырып, жеңілдік мөлшерін 55% дейін арттыра алады.
Жеңілдіктер туралы қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі және «ktzh_pp_bot» Телеграмм-боты арқылы алуға болады.