Үлгілі теміржолшыны әріптестері зейнетке шығарып салды

Жаңалықтар
18.09.2023, 11:12
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолында ер азаматтармен бір сапта қандай қиын жұмыс болса да абыроймен атқарып, табандылықпен еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер көп. Солардың бірі – Бейнеу айналым депосының тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы Маржан Хайдарова. Салаға 40 жылдан астам ғұмырын сарп еткен оны әріптестері жақында зейнет демалысына құрметпен шығарып салды.    

Маржан Тұрғанбайқызы еңбек жолын 1980 жылы радиоторабта монтер ретінде бастап, 1987 жылы ТЧ-15 Бейнеу локомотив депосында тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы болып жалғастырады. Депоның барлық сандық, сапалық көрсеткіштерін сарапқа салып, жедел ақпарат беріп отыратын орталықтың жұмысын ә дегеннен-ақ үйіріп алып кететін іскерлігімен де көзге түседі. Бұл бөлімде тәуліктегі машинистердің іс-сапар, ауысымдық жұмыстары, парақтағы тасымалданған жүктің салмағынан бастап, барлық көрсеткіштері жазылған мәліметтер, жөндеу деполарының тепловозды жөндеу туралы мәліметтері беріліп, қорытылатыны белгілі. Осындай жауапты жұмыстарды ұзақ жылдар атқарып келген оның еңбегі қашанда мақтауға тұрарлық дейді әріптестері. Теміржол саласында өткізген 43 жылдың 36 жылын Бейнеу локомотив депосының жұмысын жүргізуге жұмсаған ол осы жылдар ішінде басшылықтан талай алғыс алып, марапаттар иесі болған.  

– Маржан ханым туралы тек жақсы жағынан айтуға болады. Жұмысына тиянақты, ұқыпты, жауапкершілігі мол жан. Ұжым арасында сыйлы, білгенін үйретуден шаршамайтын еңбек озаты. Қоғамдық жұмыстарға араласып, жастарға тәлім тәрбие беруде ауқымды жұмыс атқарып келеді. Әрі өзі ұрпақтар сабақтастығын сақтап, отбасылық династияны жалғастырып келе жатқан отбасыдан. Ұлы  Жандос Аяғанұлы көмекші машинист, қызы Камшат Хайдарова өзінің қасында тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ ұйымы төрағасы Әбілсейт Нәбиханов.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды