Елімізде пойыздың дыбысын қатты шығармайтын рельс өндірісі қолға алынған

Жаңалықтар
27.09.2023, 09:50
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Сұлугүл Бакесова

Бастысы, халықаралық көрме арадағы  алыс-берісті арттыруға ықпал етпек. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп,  80 жобаны іске асыру жөнінде уағдаластық жасасты, деп хабарлайды Rail-news.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Көрме - әлемнің түкпір-түкпірінен келген билік өкілдерін, өндірушілер мен инвесторларды біріктіретін алаң. Бұл жерде келушілер назарына металлургия, машина жасау, құрылыс индустриясы мен фармацевтика салаларындағы өнімдердің түр-түрі ұсынылды. Өнеркәсіп саласындағы соңғы жетістіктер қойылатын "Иннопром" халықаралық шарасына Қазақстан,  2019 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Биыл тұңғыш рет елімізге ұйымдастыру міндеті жүктелді.  

– Иннопром көрмесінің өнеркәсіптік кооперацияларды құрудағы рөлі айрықша. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 6,3 млрд долларды құрайтын 24 келісімге қол қойылды. Екатеринбургте өткен көрмеде құны 60 млрд теңгеден асатын 20 келісімге қол қойылған болатын. Экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ, бұл бірлескен жобаларды тиімді іске асыру, тауар айналымын ұлғайту, негізгі капиталға инвестициялар тарту, – дейді ҚР ӨҚМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.

Көрмеге Еуразиялық экономикалық Одақ елдерінен келген 300-ден астам кәсіпорын мен компания өкілі қатысып жатыр. Айта кетейік, Қазақстан экспозициясы 8-ші павильонға орналасқан. 140 отандық кәсіпорын өз өнімдерін көпшілікке ұсынды. Жиын барысында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары көрме экспозициясымен танысты. "Транстехмаш" отандық холдингінің өнімдері премьер-министрлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Келушілердің де назарын бірден өзіне аударды. Холдинг негізінен теміржолшыларға арналған модульдік-блокты ғимараттар мен рельсті дәнекерлеу жабдықтарын өндірумен айналысады.  

– Біз жылына 1562 рельс дайындауды жоспарлап отырмыз. Өндірісіміздің негізгі артықшылығы сол – пойыз жүргенде қатты дыбыс шықпайды. Бұл өз кезегінде нарықта жоғары жылдамдықпен жүретін пойыздардың артуына серпін бермек.  Елнұр Бисембаев, компания өкілі: - Әзірге ішкі нарық қана қамтамасыз етіп отырмыз. Алдағы 1жылда еуразиялық экономикалыө одақ  елдері мен ТМД-ға шығуды жоспарлап отырмыз. Өнімдеріміз әркез сұраныста. Болашақта өндіріс көлемін ұлғайтуға ниеттіміз. Қырғызстан, Армения, Өзбекстан сияқты мемлекеттерде серіктестеріміз бар, – дейді компания өкілі Ботагөз Ахметбаева.  

Бұған дейін Қазақстан - Еуразиялық экономикалық Одақ елдеріндегі серіктестерімен бірлесіп өнеркәсіп саласында 38 жобаны жүзеге асырды. Жаңа өнім шығару және экспорттық әлеуетке басымдық берілді. Соңғы 5 жылда республиканың өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 2 есе артып, 20 трлн теңгеден асып түсті.  

Сайып келгенде халықаралық көрме арадағы алыс-берісті арттыруға ықпал етпек. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірлесіп,  80 жобаны іске асыру жөнінде уағдаластық жасасты.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды