Медициналық пойыз БҚО тұрғындарына көмек көрсетуде

Жаңалықтар
02.10.2023, 09:26

Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметное ауылында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның «Саламатты Қазақстан» Президенттік пойызы» әлеуметтік жобасының жүзеге асу шарасы өтті.

Еліміздің алыс-жақын аудан-ауылдарын аралайтын "Саламатты Қазақстан" Президенттік пойызы 22 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысына табан тіреген еді. Содан бері Батыс Қазақстан өңірінің аудан-ауылдарын аралап, тұрғындарға сапалы, әрі жедел көмек көрсетуде.

Осы жылдың 26 сәуірінен бастап ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен Самрук-Қазына және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп "Саламатты Қазақстан" ауқымды әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен пойыз жұмысына кәсіби медиаторлар мен заңгерлер қосылды.

Бәйтеректіктер бұл жерде тек денсаулығын тексертіп қана қоймай, заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес ала алады. Ауыл тұрғындары мамандарды теміржол бекетінен салтанатты түрде қарсылап алды. Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов маңызды жобаны жүзеге асырып жатқан ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына, "Самұрық- Қазына" АҚ-ға және Денсаулық сақтау министрлігіне бәйтеректіктер атынан ризашылығын білдірді. ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілі Әлия Борашеваның берген мәліметі бойынша ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен жобаға кәсіби және тәжірибелі медиаторлар, заңгерлер тартылған. Аталмыш мамандар дәрігерлермен бірге мемлекеттік және жалдамалы тұрғын үй алу, мүлікті сатып алу-сату шартын тіркеу, алимент, кредитке қатысты және тағы сұрақтар бойынша тұрғындарға тегін кеңес береді.

"Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының бас дәрігері Айнұр Егінбаева халықтың сақтандыруы бар-жоғына қарамастан, бәріне тегін көмек көрсетілетінін және әр аудан-ауылда денсаулығын тексертуге келген тұрғындардың қарасы көп екендігін атап өтті.

«Біз ауыр нақастардың үйлеріне де барып қараймыз. Медициналық тексеруден өткен науқастарда ауыр диагноз байқалса, пациенттерді әрі қарай бақылауға алу үшін жергілікті дәрігерлерге мәліметтерін жібереміз», – дейді "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызының бас дәрігері.

Пойыз тұрғындарға сапалы әрі жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер жалпы және биохимиялық анализдер, рентгенография мен флюрографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жасайды. Жұмыс тобының құрамында офтальмолог, отоларинголог, невропатолог, хирург, акушер-гинеколог, кардиолог, стоматолог, жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр және т.б. сияқты бейінді мамандардың барлығы бар. 15 кәсіби медиатор мен 15 заңгер халыққа тегін кеңес беруде. Медициналық пойыздағы медиаторлар мен заңгерлер арқылы бүгінге дейін 5 мыңнан астам азаматқа тегін медиативтік және құқықтық көмек көрсетілген. Оның ішінде 3 мыңнан астам азаматқа құқықтық кеңес, 1 мыңнан астам медиативтік консультациялар берілді. Соның нәтижесінде 200 –ден астам тұрғындар медиациялық келісімге қол қойған.

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысында 6 қазанға дейін болып, осы уақыт аралығында Достық ауылынан басқа, Тасқала, Деркөл, Переметное, Белес, Жайық, Алғабас, Амангелді стансаларының тұрғындарын қабылдайды деп күтілуде.

 

Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды