ҚТЖ мемлекеттік тіл саясатын қалай іске асырып жатыр?

Жаңалықтар
03.10.2023, 09:27
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да биыл мамыр айынан бастап компания басшылығының қолдауымен Мемлекеттік тілді дамыту секторы құрылып, жұмыс істеуде. Еліміздегі мемлекеттік тіл саясатын компанияда іске асыратын бірден бір органның мақсат-міндеттері мен жоспарлары қандай?  

Бұған дейін 2001-2002 жылдардан бастап 10 жыл осындай басқарма ҚТЖ-да жұмыс істегені мәлім. 2009 жылы Орталық аппараттағы Тіл басқармасы қысқартылып, мемлекеттік тілге қатысты жұмыстар тоқтап қалған еді. Міне, араға уақыт салып, биылдан бастап қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған жұмыстар қайтадан жандана бастады.  

– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің хатына сәйкес барлық ұлттық компанияларда мемлекеттік тілді дамыту бойынша басқарма, бөлім, секторлар ашу күн тәртібіне қойылды. Қазіргі таңда 3 адаммен сектор жұмысын жүргізіп жатырмыз. Жалпы сектор міндеті – компанияда тіл саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу. Тілге қатысты мемлекетімізде қабылданған заңдар, нормативтік-құқықтық актілерін, Президенттің жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын іске асыру, – дейді бұл туралы сектор меңгерушісі Ербол Тоқтағазы.  

Оның айтуынша, тіл саясатын жүргізу үшін ең бірінші қызметкерлерге мемлекеттік тілді оқыту керек. Одан кейінгі бағыт – насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен абыройын көтеруге арналған іс-шаралар өткізу, қызметкерлердің тілге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, сол мақсатта түрлі жиындар ұйымдастыру. Сонымен қатар жалпы күн сайынғы іс-қағаздары мен құжаттарда мемлекеттік тілдің қолданылуын назарда ұстайды. Халыққа қызмет көрсету орындарында теміржолға қатысты ілініп тұратын көрнекі құралдардағы тілдің тазалығын сақтауды қадағалайды. Вокзалдарда анықтамалық ақпарат беретін орындарда мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз етеді. Тіл туралы заңнамаға сәйкес дұрыс жазылуын бақылайды. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша аталған сектор ҚР Тіл комитетіне есеп береді.  

Сектор қызметкерлері сондай-ақ темір жол саласында қолданылатын терминдерді біріздендіруді көздеп отыр. Ол үшін терминдер аудармасын мемлекеттік терминологиялық комиссияға ұсынады.  

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады