Магистральдық желі дирекциясында өрт сөндіру пойыздарының 19 вагон-сорғы станциясына күрделі жөндеу жүргізілді.

Теміржол құтқарушыларының тұрмыстық жағдайы жақсарды.

Жөндеу аясында тамақтану бөлмелерінде жаңа микротолқынды пештер, тоңазытқыштар, тамақтану үстелдері, ыдыс-аяқ пен азық-түлік сақтауға арналған шкафтар, электрмен жылытылатын су араластырғышы орнатылды.

Персоналға арналған үй-жайлар ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Жиһаз және жуынатын бөлмелер жаңартылды. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, өрт жеңдерін және құралдарды сақтауға арналған шкафтар орнатылды.