Қытай мультимодалды тасымалға мүдделі

Жаңалықтар
05.10.2023, 14:45
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінгі таңда Қытай теміржолшылары өзге елдердегі әріптестері және теңіз тасымалдаушыларымен ынтымақтастықта мультимодальды тасымалды дамытуға мүдделі.  

New Silk Way VI көлік-логистикалық бизнес форумына қатысқан «Қытай темір жолдары» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Сун Сюдэ алға тартқан мәліметке сүйенсек,  Қытай статистикасы бойынша биыл өткен 8 айда Қытай порттары арқылы Қазақстан мен Орталық Азияның өзге елдеріне бағытталған 49 мың ЖФЭ транзиттік контейнерлер теміржол-теңіз қатынасымен тасымалданған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 29 пайызға көп. 

– Қытай темір жолдары – ұлттық экономиканың  күретамыры. Ол елдің кешенді көлік жүйесінде жүйе құраушы рөл атқарады. 2022 жылы теміржолмен 3,9 млрд тонна жүк тасымалданды. Бүгінде Қытай теміржолында 99,3 пайыз қалаларды қамтитын 3644 жүк станциясы бар. Соңғы 10 жылда «Бір жол, бір белдеу» жобасының аясында теңіз бен құрлықты біріктіретін, тармақталған мультимодальды тасымал бағыттарын құрдық, – деді ол өз сөзінде.  

Өзге елдермен, соның ішінде Қазақстанмен теміржол бойынша ынтымақтастықты арттыру үшін шекаралық өткелдер инфрақұрылымын дамыту жоспарын бірлесе орындау көзделуде. Қазақстан арқылы мультимодальды тасымалды дамыту үшін Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік пойыздардың қатынау географиясын ұлғайту ұсынылды. Сол бағытта халықаралық тасымалды цифрландыру, контейнерлік пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру сапасын бірге арттыру жоспарда бар. Сонымен қатар Каспий, Қара және Балтық теңіздері арқылы тасымалды қоса алғанда теміржол-теңіз тасымалы бойынша халықаралық ынтымақтастықты тереңдете түсуге басымдық беріледі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды