Ерекше қажеттілігі бар жолаушыларды тасымалдау көлемі 64%-ға артып отыр

Жаңалықтар
19.10.2023, 10:07
Суретті түсірген Александр Жабчук

Осы жылдың 8 айында ерекше қажеттіліктері бар 367 мыңнан астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64 пайызға артық. Жалпы 44 теміржол маршрутының құрамында әртүрлі бағыттар бойынша 100 бірлік мамандандырылған купе вагондары (20 –«Тальго», оның ішінде алтауы арнайы көтергіштермен, 80 – стандартқа сай вагондар, оның ішінде 16 бірлігі көтергіштермен жабдықталған) өңірлерге қатынайды, олар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы сәйкестендірілген (екі орындық купесі бар вагон: ерекше қажеттілігі бар тұлғалар мен ілесіп жүретін адамға арналған жабдықталған орын).

Облысаралық қатынастар бойынша жүретін пойыздардың барлық құрамында (57 маршруттағы 122 құрам) мүгедектерге арналған арбалар бар.

Бүгінгі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі отандық «ЗИКСТО» компаниясы жасап шығарған жаңа 50 жолаушылар вагонымен толықтырылды. Оның ішінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіштермен және тұтқалармен жабдықталған 4 арнайы вагон бар.

Жолаушылар тасымалына арналған жылжымалы құрамның паркі 2 567 бірлікті құрайды.

Вагондардың орташа пайдалану мерзімі – 18 жыл. Пойыздардың ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 76% құрайды.

Сонымен қатар биыл қыркүйек айында «ЗИКСТО» АҚ отандық өндірушісімен 100 жолаушы вагонын жеткізу бойынша келісімшарт жасалғанын айта кеткен орынды. Аталған құрамда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жекелеген мамандандырылған вагондар да көзделген. Сондай-ақ келесі жылы қосымша 157 жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, 2025-2030 жылдар аралығында «Штадлер – Қазақстан» ЖШС отандық өндірушісі 537 жолаушылар вагонын жеткізеді деп күтілуде. Оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар жолаушылар үшін 35 вагон болады. Жылжымалы құрам паркін жаңарту бойынша барлық жоспарланған іс-шаралардың нәтижесінде 2030 жылы жылжымалы құрамның орташа көрсеткіші 18-ден 13 жылға дейін төмендейді.

Осы ретте жолаушылар пойыздарына билеттерді жеңілдетілген бағамен сатып алу үшін барлық жағдай жасалған. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша барлық мүгедектік топтары үшін 50%, ал «Тұлпар-Тальго» коммерциялық поездарында (мүгедектік орындарына) билет құнынан 70% жеңілдік берілді.

Биыл маусым айынан бастап bilet.railways.kz сайтында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдетілген бағамен билеттерді онлайн рәсімдеу бойынша жаңа қызмет енгізілді. Бұл билеттерді үйден шықпай-ақ сатып алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда аталған қызмет түрін 1500-ге жуық жолаушы пайдаланған.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін теміржол билеттерін онлайн сатып алу рәсімі айтарлықтай жеңілдетілген. Ендігі кезекте 6 таңбалы әлеуметтік идентификатор кодын енгізудің қажеті жоқ. Бар болғаны ЖСН мен мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізу жеткілікті.

 

Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді