Достық – Мойынты құрылысына 520-дан астам техника мен 1000-ға жуық жұмысшы тартылды

Жаңалықтар
19.10.2023, 14:29

ҚТЖ басшылығы Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жолдардың салыну барысын тексерді.

Жұмыс сапары кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақтылы орындау бойынша міндеттер белгіленді. Ұзындығы 836 км екінші жолдарды салу мерзімі мен сапасының сақталуына қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Бүгінгі таңда учаскенің 70% – белсенді құрылыс кезеңінде. Аралықтарда бір мезгілде жер төсемі төгіліп, көпірлер салынуда, су өткізетін құбырлар қойылып, жоғары вольтты желілерге арналған тіректер орнатылуда. 255 км рельсті шпал торы жиналды, олар жер төсемі дайын болған кезде екінші жолға қойылады.

Қазіргі уақытта арнайы техника көмегімен Бүйрек, Көкдомбақ, Ақжайдақ, Ащыөзек, Жайпақ, Ақши және т. б. станцияларда екінші жолдың 85 км және 18 бағыттамалық бұрмаларды төсеу аяқталды.

Нысанда 1000 жуық жұмысшы жұмыс істейді және 520 астам түрлі техника жұмылдырылған.

Құрылысты 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Қосымша жолдарды ашу есебінен Достық – Мойынты учаскесінің өткізу қабілеті бес есеге артады. Бұл отандық өнімнің үздіксіз экспортын және Қытай – Еуропа – Қытай жүктерінің транзитін қамтамасыз етеді.

Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді