Алматыда жаңа логистикалық терминал салынады

Жаңалықтар
27.10.2023, 14:12
Оқуға 2 мин

2023 жылғы 27 қазанда Алматы қаласында логистикалық терминал салу және көлік-логистикалық қызметтер мен электрондық коммерцияның заманауи платформасын құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды.

Жобаны ҚТЖ Сиань қаласының Құрғақ портымен бірлесіп жүзеге асыруда. Жаңа терминал «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының жүк терминалы негізінде құрылады.

Жаңа бірлескен жобаны іске қосу рәсіміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы, Сиань қ. ҚКП парткомы және Сиань қ. Құрғақ порты қатысты.

Алматы негізгі халықаралық маршруттар қиылысында бола отырып, маңызды көліктік-логистикалық торап болып табылады.

Жобаны іске асыру жүк терминалы инфрақұрылымы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, бұл болашақта уақытша сақтау қоймаларында жүктердің едәуір көлемін сақтауға және өңдеуге, тауарларды уақтылы жеткізуге тікелей әсер ететін жүктерді өңдеу уақытын ұлғайтуға, сондай-ақ нарықтың, әсіресе электрондық коммерция нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Терминалдық және қойма мүмкіндіктерін дамыту Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк алушылары үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың барлық өңірлерінен жүктерді табысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ауданы 10 гектар терминал аумағында жалпы ауданы 1400 м2 температуралық режимді реттеу технологиясын қолдана отырып, заманауи қоймалар, жалпы ауданы 36 000 м2тарно-дана жүктерді және электрондық коммерция жүктерін сақтауға арналған «А» класты қоймалар салу жоспарлануда. Қытай тарапы роботты сақтау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Жобада сондай-ақ 50 тонна жүк көтергіштігі бар электр кранын орната отырып, ауданы 12 000 м2 контейнерлік алаң көзделген.

Жобаны іске асыру елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге және Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін береді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды