«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жас қызметкерлері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті

Жаңалықтар
30.10.2023, 10:50
Александр Жабчук

Теміржол көлігіндегі персоналды бағалау және дамыту орталығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жас қызметкерлері арасында «Жас үздік маман»республикалық кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Саладағы бес негізгі кәсіптің 50 астам өкілі үздік атану үшін күресті. Тапсырмаларды орындау барысында олар өздерінің ең жақсы кәсіби және жеке қасиеттерін паш етті.

Мұндай кәсіптік жарыстарды өткізу жұмысшы мамандықтарының беделін едәуір арттыруға мүмкіндік береді және жас қызметкерлер үшін қосымша ынталандыру болып табылады.

Байқау өңірлік және республикалық деңгейде өткізілді. 35 жасқа дейінгі теміржолшылар - жол монтері, жолаушылар вагонының жолсерігі, байланыс желісінің электромонтері, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы және тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор сияқты кәсіптердің өкілдері қатысты.

- Байқау алғаш рет 2019 жылы басталды. Ағымдағы жылы шілде-тамыз айларында өткен өңірлік іріктеуге 300 астам жас қызметкер қатысты. Алайда финалға барлығы бірдей жете алмады. Мұнда финалистер тестілеуді сәтті тапсырып, мамандандырылған алаңдарда практикалық тапсырмаларды орындауы керек еді, - деп бөлісті «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиев.

Мамандардан және бейінді шаруашылықтар басшыларынан құрылған арнайы комиссия қатысушылардың іс-әрекеттерін бағалады.

Екі финалдық сынақтың қорытындысы бойынша номинациялар бойынша жеңімпаздар: «Байланыс желісінің электромонтері» - ЭЧ-21 Жамбылдан Әлішер Суанбеков, «Жолаушылар вагонының үздік жолсерігі» – «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының атынан Ақтай Нұрдәулет, «Тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор» – Алматы ЖТ бөлімшесінен Малика Борамбаева, «Жол монтері» ПЧ-47 Шоқпардан Махан Дархан, «Жүк пен багажды қабылдап тапсырушы» - Алматы ЖТ бөлімшесінен Жандос Қожабеков.

Жеңімпаздар дипломдармен, статуэткалармен және бірінші, екінші мен үшінші орындарға біржолғы төлеммен марапатталды.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл