Ағымдағы жылдың басынан бастап "Қазтеміртранс" АҚ меншігіндегі 10,6 мың жүк вагоны жөнделді.
Оның ішінде 6 мың вагон депо жөндеуінен өткізілсе, 2,5 мың вагон күрделі жөндеуден өтті. 1,7 мыңнан астам вагонның қызмет ету мерзімі ұзартылды. 2023 жылға барлығы 12,9 мыңға жуық жүк вагонын жөндеу жоспарланған.
"Жоспарларға сәйкес әр жылға мерзімді жөндеуге қажеттілік вагон паркінің жай-күйін ескере отырып белгіленеді. Пайдаланудағы вагон паркінің техникалық жай - күйі вагондардың сенімділігімен, жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасымен және басқа да сипаттамалармен анықталады", - деп атап өтті "Қазтеміртранс" АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Тәңірберген Құсайынов.