ҚТЖ-да төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жаттығу өтті

Жаңалықтар
03.11.2023, 11:01
elorda.info
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да қауіпті жүктің ағуына байланысты төтенше жағдайдың теріс салдарын жою бойынша оқу-жаттығулар өткізілді. Іс-қимылдарды пысықтау мақсатында «ҚТЖ-Жүк та сымалы» ЖШС-ның барлық филиалдарында техникалық сабақтар ұйымдастырылды.

Жоспардан тыс техникалық сабақтарға станциялардың, локомотив пайдалану мен вагон деполарының 19,5 мыңнан астам қызметкері қатысты. Іс-шаралар ҚТЖ мен ҚР ТЖМ іс-қимылдарының, күштері мен құралдарының тиімділігі мен үйлесімділігін арттыруға бағытталған. 1,1 мыңнан астам пойыз құрастырушылар практикалық сабақта қауіпті жүктер тиелген вагондармен маневрлік жұмыс жүргізу кезінде сақтық шараларын зерделеді.

Қостанай, Семей, Ақтөбе, Қарағанды, Шымкент және Қызылорда жол бөлімшелерінде ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп тасымалдау кезінде қауіпті жүктердің ағып кетуіне байланысты ТЖ жағдайында барлық шұғыл қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмі пысықталды. Бүкіл филиалдарда қауіпті жүктердің ағып кетуін жою кезінде жұмыскерлердің бар-жоғына және арнайы киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуіне тексеру жүргізілді.  

Астанадағы Өндіріс тұрғын алабы тұсындағы теміржол бойында да кезекті тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. «Теміржол көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдауда апатты жағдай туындаған кезде төтенше жағдай салдарын жою» деп аталған іс-шараға азаматтық қорғаныс қызметінің өкілдерімен қатар теміржолшылар да қатысты. Теміржол бойында тұрған вагондар мен цистерналардан уытты сұйықтықтар тамып, қауіп төндіруі мүмкін. Сценарий бойынша әскери күзет қызметкерлері мен желілік тәртіп сақшылары аумақты қоршап, басқа адамдардың өтпеуін қадағалады. Одан әрі өртке қарсы қызмет пен СЭС мамандары Төтенше жағдай аумағын тексеруге келді. Сол жерде электр энергиясы өшіріліп, аумаққа алғашқы көмек көрсету қызметі кірді. Сосын қауіпті жою жұмыстары жүргізіліп, құтқару топтары инертті материалдар төгілген жерлерді залалсыздандырды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады