2024 жылдан бастап еліміздің барлық теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жаңалықтар
03.11.2023, 12:57
Оқуға 1 мин

Қазақстанның барлық теміржол вокзалында жөндеу жұмыстарын 2024 жылдан бастап 2 кезеңге бөліп жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев уәкілетті және мүдделі ұйымдармен өткен кеңесте айтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

«Өңірлерге жасаған жұмыс сапарларымның барысында теміржол вокзалдарының жай-күйіне ерекше назар аударған болатынмын. Елімізде жалпы саны 59 вокзал бар. Олардың басым бөлігі «Қазақстан темір жолының» балансында, ал Алматы-1, Алматы-2, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Түркістан және Шымкент вокзалдары әкімдіктердің қарамағында. Бүгінгі таңда теміржол бекеттері ғимараттарының жай-күйі әртүрлі екенін көріп отырмыз», – деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, 50 вокзалда санитарлық тораптарды, шатырды, баспалдақ алаңдарын, инженерлік жүйелерді, сондай-ақ жолаушылар платформаларын, жарықтандыру жүйелерін, ақпараттық табло-кестелерін, ана мен бала және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелерге арналған жиһаздарды орнату әрі ауыстыру талап етіледі.

«Күрделі жөндеу жұмыстарын екі кезеңге бөлу ұсынылып отыр. Атап айтқанда, 2024-2025 және 2026-2027 жылдар аралығында. Сонымен қатар біз қажетті кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізуді де қарастырамыз. Ол үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, оларды жеделдетілген қарқынмен бекіту керек. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарды тұрақ аймақтарын қоса алғанда, вокзал маңы аумақтарын «ҚТЖ» ҰК» АҚ балансына беру туралы мәселені қарауды сұраймын», –  деді министр.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды