«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолы ЭЫҰ мемлекеттері арасындағы ең қысқа жол – Әлихан Смайылов

Жаңалықтар
09.11.2023, 18:42
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанда өтіп жатқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитінде ұйымға мүше елдер арасында көлік-логистикалық жүйелердің интеграциясын тереңдету мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Бұл туралы Rail-news.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, ЭЫҰ-ға мүше 10 мемлекеттің жетеуінің дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтындығына байланысты аймақтың өзара көлік байланысын дамыту маңызды.

Бүгінде Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға басымдық бере отырып, инфрақұрылымдық және логистикалық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Оның әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан, Әзербайжан, Грузия және Түркия мемлекеттері 2027 жылға дейін «тар» жерлерді синхронды жою және Орта дәлізді дамыту бойынша Жол карталарын іске асыруда.

«Олар маршруттың өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», — деді Үкімет басшысы.  

Премьер-Министрдің сөзінше, Өзбекстаннан Қазақстанның батыс аймақтарына тікелей қатынасты қамтамасыз ету үшін «Бейнеу-Шалқар» автожолы салынады, ол 8-ші ТРАСЕКА жол дәлізін құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік береді.

«Каспий теңізіндегі порттарымыздың әлеуетін белсенді түрде кеңейтіп жатырмыз. Ақтау портында контейнерлік хаб және Құрық портында “Саржа” көпфункционалды терминалы салынады. Орталық Азия елдері үшін Қытаймен өткізу пункттерінде бөлек станциялық жолдарды салу жоспарлануда. Біз бұл бағыттағы жүк айналымын жүйелі түрде арттырып, 2030 жылға қарай оны жылына 500 мың контейнерге жеткізуді көздеп отырмыз», — деді Әлихан Смайылов.  

Премьер-Министр оған қоса Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізінің әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын айтты. Осы бағытты дамыту мақсатында Иран, Түрікменстан және Ресеймен бірлестікте тиісті Жол картасы іске асырылуда. Бұл дәліздің өткізу қабілетін 2027 жылға дейін 10 млн-нан 15 млн тоннаға дейін арттырады.

«Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолы Орталық Азия мен Таяу Шығыстағы ЭЫҰ мемлекеттері арасындағы ең қысқа жол ретінде ерекше маңызға ие. Осы жылдың 9 айында аталған бағыт бойынша Иранға қарай жүк ағыны 9%-ға артып, 1,5 млн тоннадан асты.

«Жалпы әкімшілік кедергілерді жою, көлік-логистикалық жүйелердің интеграциясын тереңдету мәселелері бойынша бірлескен жұмысты күшейткен жөн», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр ынтымақтастықтың тағы бір маңызды басымдығы ретінде индустриялық кооперацияны айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда ЭЫҰ елдерімен 13 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, оның 1 800-ге жуығы өткен жылы ғана қосылды.

«Қазіргі уақытта ЭЫҰ елдерімен машина жасау, металлургия, жеңіл және химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және жер қойнауын пайдалану сияқты салаларда жалпы құны шамамен $2,7 млрд-ты құрайтын 26 жоба жүзеге асырылуда. Бизнес-серіктестерді жаңа жоғары технологиялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырамыз», — деді Премьер-Министр.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов Қазақстан ЭЫҰ қағидаттарына берік және ортақ биік мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін айтты.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн