"ҚТЖ "ҰК" АҚ-да өндірістік қауіпсіздік бойынша V Форум басталды. Ол "Тәртіп. Қорғаныс. Қауіпсіздік" ұранымен өтуде.  

Форумның күн тәртібінде технологиялық салаға, өндірістегі қауіпсіз мінез - құлыққа қатысты мәселелер, сондай-ақ жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданатын шаралар қарастырылған.  

Форум жұмысына компания мен еншілес ұйымдардың басшылары, "Самұрық-Қазына" АҚ басшылары мен Қордың портфельдік компанияларының өкілдері, жол және магистральдық желі бөлімшелерінің басшылары, Австрия Федералдық темір жолдарының өкілі Эдит Шиндлбахер, HSE саласындағы халықаралық сарапшылар қатысады.  

Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтуде.