Құрметтеп шығарып салды
Жаңалықтар
10.06.2016, 11:11
Ақтөбе жол бөлімшесі аумағындағы Бас пошта экспедициясының ұжымы он төрт жылын жолда хат-хабар тасымалына арнаған пошта экспедиторы Әділ Ізмағамбетовті салтанатты жағдайда құттықтап, сый-сыяпатын табыстап, көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге шығарып салды.
– Сіз біз үшін жай әріптес болмадыңыз. Осында құбыр жарылса да, жүгірдіңіз, есіктің топсасы шығып қалса да, құрал-сайманыңызды алып, жүгіріп келе қоясыз, осындағы қыздар мен жігіттерге аға бола білдіңіз, – деп жылы лебізін білдірді пошта экспедициясының басшысы Рахметулла Наукенов.
Пайғамбар жасына толып отырған пошта қызметкеріне алғыс хаттар табысталып, әріптестері ақ тілектерін жаудырды. Ақтөбе жол бөлімшесі мен кәсіподақ басшылықтарының құттықтау хаттары оқылды.
–Мен үшін қызық өмір енді басталғандай. Ойымда жүрген жоспарлар көп. Ғылым саласына қатысты пайымдарым бар. Игіліктің ерте-кеші жоқ демей ме...– дейді зейнеткер ағамыз.
Ағамыздың жас шағында әдебиет, өнер саласына да жақын болғанын білдік. Ұзақ сонар жырларды нақышына келтіріп жатқа айтып, талай той-домалақта жас келіндерге беташарын орындаған екен. Тіпті қара домбырасын арқалап, Алтынбек Қоразбаев жетекшілік еткен тараздық өнер ұжымымен де талай өңірді аралапты.
–Ақтөбе өңіріне көшіп келіп, жұмысбасты болғаннан бері домбыраны қолға көп алмаппын. Кейде шағын той-томалақтарда әу деп қоямын, – деген кейіпкеріміз пошта экспедициясында еңбек еткен он төрт жылында талай жақсы-жайсаңмен жолдас болғанын мақтанышпен айтады. – Жұмысымды алғаш келген күннен ұнаттым. Жалақысының аздығына қарамадым. Айына төрт мәрте жолға шығатынбыз. Біздің жұмысымыздың да өзіндік жауапкершілігі бар. Маңызды құжаттарды, хат-хабарды уақытылы жеткізу керек. Жұмысыңды абыроймен орындағанға не жетсін?!
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды